Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №3 мекемесінде сотталғандарға арналған мәдени іс-шара өтті

Астана қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №3 мекемесіне М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (ШЖҚ ГККП) арнайы келіп, сотталғандар үшін концерттік бағдарлама ұсынды.

Іс-шара жазасын өтеушілердің рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыс аясында ұйымдастырылды. Театр әртістері әдеби-музыкалық композиция ұсынып, көрермендерге әсерлі өлең жолдарын оқып, соғыс жылдарындағы танымал әндерді орындады.

Еңбек сіңірген әртіскері В. Минеев Александр Твардовскийдің «Василий Тёркин» поэмасынан үзінді оқып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Концерт барысында «Катюша», «Зинка», «Ана көздері» сияқты жүрекке жылы әндер орындалды.

Мұндай іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді және сотталғандарды қайта әлеуметтендіру процесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...