12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті

Мақтарал ауданында сотталғандарды жұмысқа орналастыру басты назарда.
Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік – құқықтық көмектің бірі – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осыған орай Мақтаарал аудандық прокуратураның бастамасымен және аудан әкімдігі, аудандық пробация қыметінің ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудан прокуратурасының прокуроры Жеңіс Cәрсенбай, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мырза Мұса, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұхтар Әжіқабыловтар қатысты.

Жәрмеңкеде «Еңбек» порталында жарияланған тұрақты бос жұмыс орындары мен Ұлттық жоба аясындағы еңбек бағыты арқылы уақытша жұмыс орындары ұсынылып, басшылық тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған азаматтардың сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Аталған жәрмеңкенің басты мақсаты Пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотты болған азаматтарды қоғамға бейімдеу және өзінің бастамаларын қолдау болып табылады. Бұл іс-шарада екі жақты бірлесе бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді. Аталмыш шара барысында Пробация қызметі есебінде тұратын бір азамат жұмыспен қамтылып, бірнеше бағыттар бойынша түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз. Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын Сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтуға тырысудамыз. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық Пробация қызметкерлерінің басты тапсырмасының бірі, — дейді Мақтаарал аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нартай Сабаев.

Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда жәрмеңкенің соңында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардарды 2022 жылға белгіленген квотамен жұмысқа орналастыру және пробация қызметінің 2022 жылдың тоқсандық есебі бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы отырыс өтті.

Мен Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебіне тұрғаныма көп болған жоқ. Әрине, өзімнің қателігімді түсінемін. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, «Мақаарал-Сервис» мекемесіне жұмысшы болып жұмысқа жолданып отырмын. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқықбұзбауға тырысамын, — деді пробация қызметінің есебінде тұрған Хасан есімді азамат.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...