«Мектепке жол» акциясы аясында ҚР ІІМ ҚАЖК №20 мекемесінің қызметкерлері мен қала еріктілері көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР ІІМ ҚАЖК «№ 20 мекемесі» РМБ қызметкерлері қала еріктілерімен бірлесіп, «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына қатысты. Олар көпбалалы отбасының шаңырағына барып, егіздер Әли мен Айшаға қолдау көрсетті.Мектеп оқушыларына қажетті кеңсе тауарларымен толық жабдықталған жаңа рюкзактар табыс етілді.Акцияны ұйымдастырушылар ведомство мен қала жастарының бірлескен күш-жігері әр балаға қамқорлық көрсетуге көмектесетінін атап өтті. Көпбалалы ана қызметкерлер мен еріктілерге отбасына көрсеткен көмегі мен назары үшін шын жүректен алғысын білдірді.

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...