Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар сотталғандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізді. Іс-шара сотталғандардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға, психологиялық тұрақтылығын нығайтуға және дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға бағытталды.

Тренинг барысында психологтар сотталғандармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Күрделі өмірлік жағдайлардан шығу жолдарына, эмоционалдық күйзелісті жеңе білуге, сондай-ақ психологиялық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шараның бір бөлігі шығармашылық тапсырмаға арналды. Сотталғандарға сурет арқылы өмірдің құндылығы, үміт пен болашақ туралы өз түсініктерін жеткізу ұсынылды. Қатысушылар өз жұмыстарында отбасы мен балаларын, ата-анасының үйін, жаңа өмірге бастар жолды, күн сәулесін және жақындарының қолдауын, өзіне деген сенімді, оң өзгерістерге ұмтылысты бейнелейтін басқа да көріністерді суреттеді.

— Психологиялық қызметтің басты міндеті — адамға қажетті психологиялық қолдауды дер кезінде көрсету. Мұндай тренингтер сотталғандарға өздерінің ішкі толғаныстары мен сезімдері туралы ашық айтуға, ішкі ресурстарын табуға және күрделі өмірлік жағдайда өз мәселелерімен жалғыз қалмаудың маңызды екенін түсінуге көмектеседі, — деп атап өтті мекеме психологтары.

Мекеменің психологиялық қызметі сотталғандардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға және өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...