12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сақтандырылған алматылықтарға 78 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілді

Алматыда 2022 жылдың 7 айында МӘМС пакеті арқылы көрсетілген қызметтер үшін 78 млрд теңгеге жуық қаржы төленді. Бұл туралы бүгінгі брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Айтуынша, қаңтар-шілде аралығында төленген қаржының басым бөлігі – 40,6 млрд теңгесі стационарлық деңгейдегі медициналық көмекке, тағы 3,2 млрд теңгесі күндізгі стационар қызметіне жұмсалған.
«7 айдың нәтижесіне қарап халыққа көрсетіліп жатқан медициналық көмек көлемінің едәуір артқанын байқауға болады. Мәселен, бұған дейін көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін қымбат анализдер, диагностика мен операция түрлері қазір медициналық сақтандыру есебінен көрсетіліп жатыр», – деді Тілеухан Әбілдаев.
Төленген қаржының 15,9 млрд теңгесі консультативтік-диагностикалық қызметтерге тиесілі. Консультативтік-диагностикалық қызметтер ішінде әсіресе, КТ мен МРТ-ға деген сұраныс жоғары. 7 айда Алматы қаласында 996,8 млн теңгеге 62 мыңнан астам компьютерлік томография, 744,2 млн теңгеге 50 мыңнан астам магниттік-резонанстық томография жасалған. Сонымен қатар, қала бойынша онкологиялық ісікті анықтау мақсатында жасалатын 2793 ПЭТ-диагностика қызметі көрсетілген. Оған 750,1 млн теңге төленді.
«Соңғы жылдары экстракорпоральды ұрықтандыру қызметінің де жұртшылық үшін маңызы жоғары болып отырғаны рас. Қымбат қызмет түріне жататын ЭКО процедурасы 2020 жылдан бастап МӘМС пакетіне еніп, қарапайым жұртшылық үшін қолжетімді бола бастады. 2022 жылы ЭКО бағдарламаларына 3,2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұған барлығы 3152 ЭКО жасалуы тиіс. Өткен 7 айда Алматыда 1639 ЭКО жасалып, оған 1,7 млрд теңге төленді. Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға 8 клиника қатысып жатыр», — деп қосты филиал басшысы.
Айтуынша, қазіргі таңда сақтандырылған азаматтар бағасы қымбат қызмет түрлерін қарқынды пайдаланып жүр. Соның бірі – медициналық реабилитация. 2022 жылы көрсетілген реабилитация қызметіне 4,7 млрд жұмсалды. Салыстырар болсақ, 2019 жылы оңалту қызметіне бар-жоғы 0,6 млрд теңге жұмсалған, ал 2022 жылы оған 7,5 млрд теңге қарастырылып отыр.
«Оған қоса, 2020 жылдан бастап халықтың жекелеген санаттары үшін жоспарлы стоматологиялық көмек те қолжетімді бола бастады. Мысалы, 7 айда МӘМС шеңберінде 717 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілген, оған 1,8 млрд теңге төленді. Қазіргі таңда Алматыда МӘМС шеңберіндегі стоматологиялық көмекті 46 клиника көрсетеді», — деді Тілеухан Әбілдаев.
Естеріңізге сала кетсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Олардың арасында тісті жансыздандыру, химиялық пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен перидонтитті емдеу, флюороз, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, тісті хирургиялық жолмен жұлу т.б. қызметтер кіреді. Ал, шұғыл стоматологиялық көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттарына ғана көрсетіледі.

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель          

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың қайыр сұрағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Мемлекеттік тілімен мақтанамын

Бәріне мәлім, Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес...

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің құқықтық жағдайы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына қойған міндеттерінің бірі...