12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum таңдауы бойынша тағы да үздік CEO атанды

Жыл сайынғы Kazakhstan Growth Forum-ында жылдың ең үздік басшыларын марапаттау рәсімі өтті.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе қатарынан бесінші рет «Жылдың ең үздік CEO» атанды. Михаил «Мінсіз клиенттік тәжірибесі үшін» марапатына ие болды.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Бүкіл командамыздың жұмысының нәтижесін бағалағаны үшін қазылар алқасына рақмет. Бізді ең алдымен Kaspi.kz-тің қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер жасау миссиясы шабыттандырады. Біз «Қазақстан мен қазақстандықтар үшін не жақсы болса, Kaspi.kz үшін де сол жақсы» принципін басшылыққа аламыз. Kaspi.kz толығымен Қазақстанда құрылған компания екенін шын жүректен мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта да қазақстандықтарды ең заманауи, қарапайым әрі ыңғайлы онлайн-сервистермен қуантып, таңғалдыруға тырысамыз. Бізбен бірге болғаны үшін сүйікті клиенттерімізге рақмет айтамыз!» — деп атап өтті.

Жыл сайын ең үздік басшыларды Kazakhstan Growth Forum-ының сарапшылар кеңесі анықтайды. Оның құрамында Ораз Жандосов (Қазақстан экономистері қауымдастығының қамқоршылық кеңесінің төрағасы), Андрей Беклемишев (IDC Орталық Азия аймақтық директоры), Елена Бахмутова (Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы), Екатерина Бенджамин (IFC өкілдігінің басшысы), Ержан Досымбеков (Grant Thornton аудиторлық компаниясының басшысы), Ерлан Досымбеков (EY Қазақстан басшысы) және Сәкен Жұмашев (KPMG Қазақстан басшысы) болды. Жеңімпаздар экономиканың әртүрлі саласынан ұсынылған 500 қазақстандық үздік компаниялардың ішінен таңдалады.

Сондай-ақ Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) жетекші халықаралық консалтингтік компаниясы жыл сайын өткізетін СЕО Survey сауалнамасының нәтижесі бойынша қатарынан бесінші рет Қазақстандағы ең үздік компания басшысы болып танылды.

Рухани кеңістіктегі ғылыми көпір

Стамбул қаласында Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығында...

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтар мен заңды тұлғалар шетелге жиі...

Қоғамдық тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайтудағы соттардың рөлі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді...

Сот құжаттарын шетелде тану: апостиль қою мен электрондық үкіметтің мүмкіндіктері

Қазіргі таңда жаһандану мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуы әр азаматтың...