12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мамандар тұрғын үй нарығын тоқырау күтіп тұрғанын айтты

Сарапшылар жылжымайтын мүліктерді сату нарығында қандай да бір тоқыраудың барын айтып жатыр. Олардың мәліметінше, алдағы жарты жылда жағдайдың қалай болары белгісіз. Тұрғындар да осыған орай жаңа пәтерді дәл қазіргі уақытта сатып аларларын немесе күтерін білмей, ойлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

“Қазір баға динамикасы өсу үстінде. Мамыр айында сәл арзанырақ сатып алуға мүмкіндік болса, қазір шаршы метрі шамамен 20 мың теңгеге қымбаттаған. Енді күтудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрақсыз жағдайға байланысты жаңа баспана алуға көбінің батылы бармайды. Мұны риэлторлар да атап өтті. Соңғы екі айда елде сатып алу қабілеті төмендеп, тоқырау байқалуда”,- деді Қостанай қаласының тұрғыны Айжан Жапарова.

Айжан Қостанайдағы пәтерін сатып елдордаға қоныс аударғысы келген. Алайда бағалардағы тұрақсыздықтарға байланысты ойлануда. 

“Жылжымайтын мүлік маусымы қыркүйекте басталады. Әдетте жылдан жылға, қыркүйектен желтоқсанға дейін баға үнемі көтеріледі. Бірақ шарықтап тұрған бағаға байланысты сұраныс аз болғандықтан, өткен жылдардағыдай үлкен өсім болмайды деп ойлаймын. Сарапшылар жылжымайтын мүлікке сұраныс болса, бағаның да көтерілетінін айтады. Ал күзде студенттер үлкен қалаларға келгенде баға мүлдем шарықтайды. Сонымен қатар қазақстандықтардың көпшілігінде баспана жоқ. Ол үшін мамандар ипотекалық несиенің мөлшерлемесін өзгертуді ұсынып отыр”, деді “Этажи” компаниясының директоры Максим Ястребов.

Мамандар халықтың баспаналы болуына жағдай жасалуы керек екенін, ол үшін тиімді ипотекалардың болуы керек екенін айтты.

“Бізге Қазақстанның барлық азаматтары үшін 3%-дық және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1%-дан 3%-ға дейінгі мөлшерлемемен мемлекеттік ипотека қажет. Сондай-ақ тұрғын үй құнының шекараларын анықтау қажет. Оған сәйкес ипотека жұмыс істеуі керек. Сонда қолжетімді баспана сатып алуға несие қаражатының мақсатты жұмсалғанын көреміз. Жаңа ғимараттардың бағасы инфляция мен құрылыс материалдарының қымбаттауынан кейін өсіп жатыр. Мысалы, ең қымбат шаршы метрлер ел астанасы, Алматы мен Шымкентте. Еліміз бойынша ең арзан баспана Ақтау, Ақтөбе және Қызылордада. Оның үстіне шілде айында Таразда бағаның күрт ауысуы орын алды. Онда бір шаршы метрдің құны 2 пайызға өскен”,- деді Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов.

Мамандардың айтуынша, жылжымайтын мүлік бағасының арзандауы екіталай. Сондықтан қазақстандықтарға жақсы уақытты күтпей, баспана сатып алуға кеңес берілуде.

Жазасын өтеуші азамат бостандыққа шықты

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Тергеу мекемесінде «Майнд машинасы» арқылы эмоциясын ретке келтірді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

24.04.2024 жылы Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде...

№37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

23.04.2024 жылы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі,...