№37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

23.04.2024 жылы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі, журналист-теолог Салтан Сәкен Сайранұлының  қатысуымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен  «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті.
Діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатын көздеген іс-шараға 30-ға жуық сотталған  қатысты. 
         Кездесуде Сәкен Сайранұлы дін туралы, діни радикализм туралы сөз қозғап, жазасын өтеушілерге  маңызды пікірлер айтып, дәріс оқыды.
        – Бүгінгі кездесуде діни танымдық уағыздар тыңдап, керемет әсер алдық. Өз сауалымды да  қойып, теолог тарапынан тұшымды жауаптар берілді. Барлығын қарапайым тілде өмірмен байланыстыра отырып түсіндірді. Осы іс- шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысымыз шексіз, – дейді сотталған азамат.
         Кездесуге қатысушы сотталған азаматтар өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, пікір алмасып,  сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті: бірқатар қорытынды құжат қабылданды

Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғыз...

КАРЬЕРНЫЙ РОСТ НА ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЕ: ПРИНЦИП МЕРИТОКРАТИИ

Одним из ключевых принципов государственной службы является меритократия, то...