Жәрмеңкеден жұмыс тапты

24.04.2024 жылы Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Арал ауданының Мансап орталығы «ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудандық пробация есебіндегі жұмыссыз азаматтар қатысты. Жұмыссыз азаматтарға 20 мекемеден 160 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Шараға Арал аудандық прокуратурасының көмекші прокуроры С.Жетпісбаев және Арал аудандық пробация қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар жұмыс іздеуші ретінде қатысқан болатын. Жәрмеңке барысында 20-ға жуық жұмыс беруші мекемелерден 160 бос жұмыс орындары ұсынылып, пробация қызметінің есебінде тұрған 2 сотталған бос жұмыс орындарына жолдама алды.
Аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Серік Сейталиевтің айтуынша жыл басынан 25 сотталған жұмыспен қамтылған.

Бес азамат жұмыссыз болатын, бүгінгі жәрмеңкеден 2 азамат жұмыс тапты.Алдағы уақытта жұұмыссыз 3 азаматты жұмысқа орналастыратын боламыз. Есептегі азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтендіру олардың түзелу жолына түсуіне үлкен септігін тигізеді, -дейді пробация бастығы.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...