12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жылжымайтын мүлікті дер кезінде заңдастырған жөн

Заман өзгеріп, өркениет көшіне ұмтылғанымызбен, қоғамымызда жеке
мүлікке қол сұғушылық тыйылар емес. Оның өзіндік себептері де бар шығар,
дегенімен, бұл ешқандай да ақтауға келмейтін жағдай.

Елімізде меншік құқығын қорғаудың жалпы қағидалары Конституциямен
бекітілген. Соған сай, біреудің мүлкін заңсыз иеленуге заң аясында
жауаптылық көзделген. Жеке меншіктегі мүлікті пайдалану тәртібі мен оны
заңсыз пайдаланудың құқықтық салдары, қол сұғылған меншікті қайтару,
меншікке қол сұғушылықтан қорғалу жағдайлары азаматтық заңнамамен
реттелгенін айта кеткен жөн. Мәселен, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы
туралы кодексімен ерлі-зайыптылар мен балаларының меншік қатынастары
мен оларды қорғау шаралары айқындалған.
Субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне
тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иеленуі, сондай-ақ, пайдалану мен оған билiк
етуі меншік құқығы болып табылатыны Азаматтық кодекстің 188-бабымен
нақтыланған. Ал, жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік
тіркелген сәттен бастап туындайды.
Аталған санатта соттарда түрлі істер қаралып жатыр. Бұлардың қатарында
тұрғын үйге меншік құқыған тану, сатып алу-сату мәмілесін жарамсыз деп
тану, өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану, ортақ және
мұрагерлік мүліктерді бөлу, меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға
байланысы жоқ бұзылудан қорғау, тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару,
жекешелендіру барысында туындайтын дау-дамайлар, т.б. бар.
Солардың ішінде жиі кездесетіні меншік құқығын тану бойынша істер.
Мысалы, азаматтардың жылжымайтын мүлкіне құжаттарын дер кезінде және
толық рәсімдемей, салғырттық танытуының соңы дау-дамайға әкеледі. Яғни,
олар өз меншігін уақытылы заңдастырмаудың зардабын тартады.
Уақыт өткізіп алу салдары өз кезегінде түрлі келеңсіздік тудыратынын
тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселен, талапкер сотқа жүгінген кезде заң
талаптары мен нормативтік құжаттар өзгеріп, рәсімделмеген меншік басқа
адамның иелігіне өтіп кетуі мүмкін. Осы себепті, жер учаскесі, саяжай,
тұрғын үй, т.б. уақытында заңдастырылуы тиіс.
Сонымен қатар, сотқа меншік құқығын қорғауда мәмілелерді жарамсыз
деп тану туралы талап арыздар көптеп түседі. Мәмілелердің
жарамсыздығының жалпы негіздері Азаматтық кодекстің 157-бабында
қарастырылған. Мысалы, тұрғын үйге меншік құқығы туралы талап сотқа
оның орналасқан жері бойынша беріледі. Соттылық ережелеріне сай
келмейтін талап арыз қабылданбайды.
Тағы бір айта кетерлігі, тұрғын жайларды сатып алу-сату мәмілесін
жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арызда іске қатысушы тараптар
нақты көрсетілуі керек.
Елімізде меншік қатынастары Конституциямен, сондай-ақ, Азаматтық
кодекс, т.б. заңдар, нормативтік-құқықтық актілермен реттелген. Осы
тұрғыда айта кетерлігі, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға
болмайды. Бұл Ата Заңмен нақтыланған норма.
Меншік құқықтарының бұзылуына қатысты даулар жан-жақты зерттеуді
қажет ететіндіктен, күрделі істер санатына жатады. Сондай-ақ,
мемлекетімізде меншік құқығын қорғау барлық құқық салаларымен жүзеге
асырылады. Бұл тұрғыда Қазақстанның меншік құқығын қорғау деңгейі
бойынша дүниежүзілік рейтингте 129 елдің ішінде 71-орын алуын жақсы
көрсеткішке санауға болады.
Асқар Оспанбеков,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...