12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда дизель отынына шекті бағалар қандай болуы мүмкін?

Энергетика министрі бұйрығының жобасы жарияланды. Онда дизель отыны бағасын тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай саралау қарастырылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында дизель отыны бағасы мынадай мөлшерде белгіленген:

  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 100 литрге дейінгі көлемде — 1 литрге 260 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 300 литрге дейінгі көлемде — 1 литрге 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:

  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 100 литрге дейінгі көлемде — 1 литрге 230 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 300 литрге дейінгі көлемде — 1 литрге 230 теңге;

Белгіленген көлемнен жоғары немесе сатудың өзге де жағдайлары үшін — 1 литрге 450 теңге.

Құжатты қоғамдық талқылау 2022 жылдың 18 тамызына дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрлігі дизель отыны бағасын тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай саралауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Бұл туралы энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақов мәлімдеген еді.

Жаңа жыл мерекесіндегі ХҚКО мен МХҚКО жұмыс кестесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты...

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...