12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҰҚК халықаралық операциясы: есірткі арнасы жойылды

ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық топ Таяу Шығыс пен Азия азаматтарынан құралған.

«Есірткі контрабандасы арнасының бағдары Ауғанстаннан бастау алып, одан әрі Қазақстан аумағы арқылы жүрген, баратын жері Нидерланд болған. Осы топ әрекетінің ауқымды географиясын ескере отырып, ҰҚК Нидерланд Корольдігінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырды.

Операцияның табысты іске асырылуына Орталық Азия өңірлік есірткіге қарсы күрес жөніндегі ақпараттық-үйлестіру орталығы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қарқынды түрде жәрдем көрсетуі ықпал етті», — делінген хабарламада.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде халықаралық есірткі арнасына қатысы барлар анықталған.

«Нидерланд аумағында бақыланатын жеткізу барысында курьер ұсталып, одан Ауғанстанда өндірілген 30 келі героин тәркіленді. Бұдан әрі, Амстердам құқық қорғау органдары тінту барысында ірі есірткі плантациясын анықтады», — делінген ҰҚК мәліметінде.

Сарапшылар дерегі бойынша, жеткізілетін елде алынған есірткі құралдарының құны 2 миллион АҚШ доллары болады. Дерекке қатысты Нидерланд құқық қорғау органдары соталды тергеу жүргізіп жатыр.

2026 жылы Алматының денсаулық сақтау саласына 367 млрд теңге жұмсау жоспарланған

2026 жылы оңтүстік астананың денсаулық сақтау саласы бюджеті 367,6...

НАГРАДЫ ЗА ЧЕСТНЫЙ ТРУД

На встрече с представителями рабочих профессий, посвященной чествованию передовиков...

ЦЕНА МОЛЧАНИЯ

УШЕДШИЙ В ИСТОРИЮ 2025 ГОД ОСТАВИТ В ПАМЯТИ ГРОМКИЕ...

ВЕКТОР РЕФОРМ: ОТ СТАБИЛЬНОСТИ К РАЗВИТИЮ

5 ЯНВАРЯ 2026 ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ДАЛ...

Денсаулық сақтау жүйесінің нәтижелері

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған...