ҚАЗАҚСТАН ҚАҢҒЫБАСТАР ЕЛІ МЕ?

21маусымда Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында Джу Юп Лидің орыс тіліне аударылған «QAZAQLÏQ и образование казахов. Государство и идентичность в постмонгольской Центральной Евразии» (QAZAQLÏQ және және қазақтардың қалыптасуы. Постмонғолдық Орталық Евразиядағы мемлекет және бірегейлік») деп аталатын кітабының таныстырылымы өтті. 2016 жылы ағылшын тілінде жарық көрген бұл кітап 2017 жылғы Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының (Central Eurasian Studies Society) «Тарих және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең үздік зерттеу кітабы» сыйлығын жеңіп алған.

Шараны ұйымдастырған Shon қоры тарапынан бұл кітап ағылшын тілді оқырманға постмонғолдық Орталық Евразияда қазақ феноменінің қалыптасуы және оның қазақтардың пайда болуымен байланысы туралы авторлық пікір ұсынған алғашқы еңбек деп бағаланып отыр. Олардың сөзіне қарағанда, түпнұсқа зерттеулерге негізделген ғылыми монография «qazaqlik» (qazaqlïq) аясында қазақтардың қалыптасуы мен қазақ бірегейлігі жан-жақты қарастырылған. Qazaqlik – өз мемлекетін немесе руын тастап кету немесе шекаралық аймақтағы еркін қарақшының өмірін қамтитын саяси көшпеліліктің бір түрі. Оны таныстырылым кезінде автордың айтқанын орыс тіліне аударған аудармашының сөзінен өзіміз де анық байқадық. Бастапқыда шараға жиналған өзге адамдар секілді мен де аудармашы дұрыс аудармаған шығар деп отырдым. Сосын қасымда отырған ғалымдардан мына кісі дұрыс айтып жатыр ма деп сұрап көрдім. Олар да мен сияқты аң-таң боп отыр екен. – Бұл шетелдік авторлардың жарық көріп отырған алғашқы еңбегі емес. Менің ойымша, бір жағынан, мұнда терең білім жоқ. Екінші жағынан, сыртқы көзқарас қана бар. Дегенмен бұл да бізге қажет. Осындай әдебиеттерді талдаған кезде, Қазақстанның өз ішіндегі көзқарас тұрғысынан қараймыз. Ал сырттағы зертеушілер қазақтың шыққан тегі мен ерекшелігін өзіміз сияқты жетік білмейді. Сондықтан автордың ұсынған жазба дерек көздерін өзі қаншалықты білетінін және оны қалай талдағанын қазір өзінен сұрағым кеп отыр. Өйткені «Мәдени мұра», «Архив-2025» бағдарламалары аясында біз қазақ халқының тарихына қатысты шетелдегі көптеген құнды архив құжаттарына қол жеткіздік. Бұл жерде автордың жеке көзқарасы көрсетілген. Ол біздің даламызды да білмейтін сияқты. Әйгілі жапон зерттеушісі Токи Фудзимото қазақ халқы туралы өз еңбегін жазарда біздің тілімізді меңгеріп қана қоймай, арнайы Павлодар облысында бір жыл тұрған болатын. Джу Юп Ли қазақ тарихына шын қызығатын болса, алдымен біздің ділімізбен, мәдениетімізбен, даламызбен жақын танысқаны жөн шығар. Сонда ол бізді қарақшы, қаңғыбас деп айтпас еді. Қазақылық ұғымының мағынасы мүлде бөлек. Оны аударма арқылы танып, білу мүмкін емес. Көшпелі тұрмыс – қаңғыбастық емес, өмір салты. Бұл кісі, мына еңбегіне қарағанда, бізге қаңғыбас халық қарақшылықтан қалай мемлекетке айналды деп қана қызығып зерттеп жүрген сияқты, – деді тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпарат орталығының директоры Меруерт Әбусейітова. Ал қайта құру дәуіріне дейін Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында қызмет жасап, кейін тіршілік қамымен бизнеске ауысқан тарихшы Мирас Мұқашұлы: «Джу Юп Ли өзінің бұл еңбегін қазақ халқы оқысын десе, орысша емес, алдымен қазақша аудартуы керек еді. Бұл ағылшын тілді оқырманға ұнағанмен, қазақтарға қызықты бола қоярына күмәнім бар. Қазақты білмейтін, оның өмір салтын көрмеген адам үшін мұндай еңбектердің пайдасы аз. Мазмұнын шолып шыққан соң, оны оқуға уақыт жоғалтқым келмей қалды», – деп ағынан жарылды. Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай болса: «Қазақ тарихына қатысты шетел ғалымдарының еңбектерін оқып, білгеніміз дұрыс. Тіл білмейтін тарихшылар үшін, интеллигенция үшін осындай кітаптарды қазақ тіліне аударып, таныстырғанымыз өте дұрыс. Өйткені, шетелдік ғылыми ортаның бізге, тарихымызға қатысты көзқарасын, ұстанымдарын, олардың теориялық әдістемелік негіздерін игергеніміз, білгеніміз өте қажет. Сол тұрғыдан бұл кітаптың аударылғанын оңды деп бағалаймын. Алайда кітапты енді ғана қолыма алып тұрғандықтан, оның мазмұнына қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын», – деді.

Шарадан соң қолға түскен кітапты парақтап отырып, екінші тараудағы автордың: «В постмонгольский Центральной Евразии политические авантюристы или аутсайдеры, бежавшие из свох изначальных мест пребываний и отдаленные регионы, где занимались разбоем, стали называться казаками (qazaqs) в значений беглых разбойников и бродяг… В этом исследовании я ссылаюсь на бегство и грабеж как вид деятельности, который выполнялся беглыми кочевниками в поисках выживания и практиковавших «квази-казаклык» (quasi-qazaqlïq). Квази-казаки (quasi-qazaqs) отличались от мобильных скотоводов тем, что они были беглецами, иногда формировав шими полностью мужские военные группы, которые полагались в основном на разбой, а не на скотоводство. Из-за деятельности квази-казаклыков предводители племени все меньше и меньше могли защищать свои территории, в то время как беглые банды квази-казаков иногда приводили к образованию новых государств или даже приобретали новые идентичности» (82-бет) деген сөзін оқыған соң, ойым мүлде өзгере бастады. Өйткені, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның «Қазақ» газетінің 1913 жылы №2 санында жарық көрген «Қазақ тарихы. Сөз басы» деген мақаласында: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғанын, не істеп не қойғанын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді» (Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының толық жинағы. III том. – «Сарыарқа» баспа үйі, Астана, 2009. 375-376 беттер) дегенін еріксіз есіме алдым. Егер шетелдіктер қазақты, Қазақстанды Джу Юп Лидің сөзімен қазір де қашқын, қаңғыбас, қарақшылар елі деп танитын болса, дамыған 50 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырған Қазақстан үшін бұл әлемге «Жаңа Қазақстанды» танытуда атқарылар шаруаның жеткілікті екенін аңғартады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.