22 C
Алматы
Понедельник, 11 июля, 2022

Сотталғандар білекпен күш сынасты

Ең ежелгі спорт түрінің бірі – қол күресі әлемдік спорт тілінде армрестлинг деп аталады. Отырар пробациясының есебінде тұрған он сотталған азамат ежелгі спорт түрінен сынға түсті.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Отырар аудандық пробпция қызметі, аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп «Нашақорлыққа жол жоқ» атты спорттық шара өткізді. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған 20-35 жас аралығындағы сотталған азаматтар қатысты.

Қол күресі (Армрестлинг) спорты ежелден бері қызық әрі қиын спорт түрі болып табылады.1952жылы Калифорнияның Петалума қаласында ең бірінші осы спорт түрі жандана бастаған .Бұл спорт түрінің жандануына үлес қосқан алғашқы адамдардың бірі америкалық журналист Билл Соберанес болып табылады.Ол ең алғаш 1952ж Петалума заплында қол күресінен (Армрестлингтен) жарыс өткізіп халықтың ыстық ықыласына бөлене отырып осы спорттың дамуына себепші болды.Қазірдің өзінде Петалума қаласында әр жылдың қазан айының екінші сенбісінде қол күресі өткізіліп отырады.1962жылы Билл мен Дейв Девото бірінші әлем чемпионатын өткізген.

Осылайша бұл спорт түрі қазіргі кезде өз федераиясын құрып,аудандық,облыстық,республикалық,халықаралық деңгейде өткізіліп отырады.

Қазіргі күнде қол күресі «армрестлинг»деген атаумен белгілі.Бұл сөз ағылышын тілінен «arm»-қол, «wrestling»-күрес деген мағынаны береді.Арместлинг спорты қазіргі күнде Олимпиада ойындарында кірмесе де, бұл спорт студенттер,оқушылар,үлкендер, қарттар, мүгедектер арасында өткізіліп отырады.

Бұл спорттық шараның басты мақсаты — әртүрлі себептермен тағдырына таңба басылып, заң алдында жауапқа тартылғандардың, қоғамда өздерін жат сезінбеулеріне жағдай жасау. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, спортты дамыту. Сондай-ақ, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу. Оларды қоғамға қайта бейімдеп, достық қарым-қатынасты нығайту. Сонымен қатар, теңбіл доп шарасында өзара мықтылар іріктеліп, карантин талаптар да сақталды.

Осындай ұйымдастырылған шаралар, сотталған азаматтардың саламатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне ықпал жасайды. Мұндай іс-шара оларға серпін беріп, алдағы уақытта қателікке бой алдырмай, қоғамда өз орны бар мемлекетіміздің азаматы болып шығуына игі әсер береді. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары. Алдағы уақытта қателікке бой алдырмай, қоғамда өз орнын табады деген сенімдеміз.

Бас бостандығынан айырылған жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отырып, түзелу жолына салу бүгінгі күннің басты талабы. Оның ішінде, бірнеше қылмыс жасаған және қылмысты қайта жасаған адамдарды түзелу жолына салу біраз күш-жігерді қажет ететін жауапты әрі қиын жұмыс. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың дене тәрбиесімен айналысуы, ой-өрісін психологиялық тәрбиелеумен қатар жүргізілетін әдістердің бірі, — дейді Отырар аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Кәрім Тұрсынбай.

Тартысты өткен сайс қортындысы бойынша жүлделі І орын өзге қатысушылардан ептілігімен ерекшеленген Ысқақ Ұланбек деген сотталған қанжығасына байлады, ал ІІ – орынға Санжар Бақтыбайұлы табан тіреді. Жарыс соңында жүлделі ойынға ие болған қатысушыларға және үздік ойын үлгісін көрсеткендерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бүгінгі ұйымдастырылған тартысты дода әділ өтті. Мен қателік жасап, тағдырдың қатал сынына ұшыраған жанның бірімін. Жасаған қателігім үшін заң алдында жазамды өтеп жүрмін. Қазақ халқымыз білектің күші арқылы жеңіске жеткен. Сол секілді мен де ата-бабамыздың дәстүрлі спортын қолға алуды жөн санадым. Осындай шараларға қатыстырып, біздің түзелу жолына түсіуімізге ықпал жасап жүрген Отырар аудандық пробация қызметіне алғыс айтамын. Алдағы уақытта саламатты өмір салтын қалыптастыру аясында ұйымдастырылған спорттық додаларға қатысып тұрамын, — деді аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын Мансұр.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости