12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Киіктерді атуға қатысты шешім 1 айдың ішінде қабылданады – БҚО әкімі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев киіктерді атуға қатысты шешімнің 1 ай ішінде қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Соңғы уақытта бұл сұрақты тілшілер қауымы жиі қозғап жатыр. «Киіктерді ату, атпауды неге министрлік қана шешу керек?» деп жатқандар да бар. Меніңше, министрлік те, біз де жауапты болуымыз керек. 2023 жылға дейін елімізде киік атуға мораторий болғаны баршаңызға аян. Таяуда осы мәлесеге арналған жиын өтіп, онда мораторийдің өз мақсатына жеткені айтылды. Яғни киіктердің саны қауіпті көлемнен асты. Үкіметтің қаулысына сәйкес биыл 1 шілдеден бастап резерват ашылуы тиіс», – деді Ғали Есқалиев. 

Облыс басшысының айтуынша, киіктерді атуға қатысты шешім бір айдың көлемінде қабылданады.

«Әрине, алдымен киіктердің популяциясын жоғалтпауымыз керек. Резерваттың мақсаты – киіктердің санын арттыру емес, популяциясын сақтап қалу. Сарапшылардың пікірінше шамамен 150-200 мың бас киікті сақтап қалу керек. Одан бөлек, киіктердің санын біз реттеуіміз қажет. Киіктердің көбеюі ауыл шаруашылығына да зардабын тигізіп жатыр. Сондықтан бұл мәселе шешілуі тиіс. Киіктерді атуға қатысты шешім 1 айдың ішінде қабылданады», – дейді ол.

Жазасын өтеуші азамат бостандыққа шықты

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Тергеу мекемесінде «Майнд машинасы» арқылы эмоциясын ретке келтірді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

24.04.2024 жылы Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде...

№37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

23.04.2024 жылы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі,...