12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сенатта Жоғарғы сот судьялары сайланды

Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясы лауазымына Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышевтың кандидатурасын мақұлдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьялары: Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан мен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрышев Қамбарды сайлау туралы ұсыныс енгізді. Ұсынылған тұлғалардың сотта тәжірибесі бар — 33 жылдан астам. Олар сот жүйесінде беделге ие және Жоғарғы сот судьяларының жауапты жұмысына дайын», — деді Денис Шипп.

Депутаттар екі кандидатқа да дауыс беріп, кейін Әмір Досжан ант берді.

«Мен өз міндетімді адал және саналы түрде атқаруға салтанатты түрде ант етемін. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағынып, сот төрелігін жүзеге асыруға, судья міндетіне сай, бейтарап әрі әділ болуға ант етемін», — деді Әмір Досжан.

Жазасын өтеуші азамат бостандыққа шықты

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Тергеу мекемесінде «Майнд машинасы» арқылы эмоциясын ретке келтірді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

24.04.2024 жылы Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде...

№37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

23.04.2024 жылы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі,...