22 C
Алматы
Суббота, 18 июня, 2022

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлық басталды

2022 жылғы 27 мамырда бейне конференцбайланыс режимінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжановтың қатысуымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың ресми ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сапарбекұлы Саденов, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт министрліктерінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы мен басқарма бастықтары қатысты.
Жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, блогерлер бейне конференцияға Қызылорда облысы әкімдігінде қатысты.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықтың ресми ашылуына арналған сөз Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановқа берілді. Ол өз сөзінде 1987 жылғы 26 маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бұл күн нашақорлықтың жаһандық қатерін мойындай отырып, қайтымсыз теріс салдарға әкелетін қауіпті әлеуметтік құбылыс ретінде қабылдап, есірткіге тәуелсіз қоғам құру туралы шешімді ерекше атап өту үшін белгіленгенін атап өтті.
Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Ержан Сапарбекұлы Саденов атқарылып жатқан жұмыстар мен қойылған мақсаттарға тоқталды. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес – бұл Үкіметтің (денсаулық сақтау, білім беру және ішкі істер органдарының) ғана емес, сондай-ақ азаматтық қоғамның барлық институттарының және немқұрайлы емес әрбір азаматтың міндеті екеніне назар аударды. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына әсер ететіндігіне және бұқаралық ақпарат құралдары мен ҮЕҰ маңызды рөл атқаратына аса назар аударды.
Іс-шараның екінші бөлімінде қоғам, БАҚ өкілдері мен блогерлер үшін «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алудың заманауи аспектілері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренинг барысында «Қазақстандағы есірткі ахуалы. Есірткіге қарсы заңнаманың новеллалары. Қылмыстық кодекстің есірткіні жарнамалау және насихаттау үшін жауапкершілік туралы нормаларын түсіндіру», «Синтетикалық есірткіні пайдалануға тәуелділікті қалыптастыру ерекшеліктері» және «Қазақстанның 5 өңірінде іске асырылатын CADCA (АҚШ) әдіснамасы бойынша жеке өңірлерде есірткіні тұтыну профилактикасының жобасы туралы» тақырыптар талқыланды.
Іс-шараны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Асқар Мұратұлы Мұхаметқалиев нәтижеледі. Ол барлығына онлайн алаңға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты — есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың және нашақорлықтың алдын алудың кейбір аспектілері туралы хабардар ету екенін атап өтті.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың өткізілуіне байланысты Қызылорда облысында нашақорлықтың алдын алу бағытында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлердің қатысуы көзделген жоспарлар әзірленді.
Халықаралық күрес күні қарсаңында бір ай ішінде, Қызылорда облысының аумағында нашақорлықтың алдын алу іс-шаралары жүргізіліп, оларға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту көзделіп отыр.

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости