12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қауіпсіздік көрсеткіштің көлеңкесінде қалды

Полиция азаматтар бойындағы қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ету керек. Оның басты миссиясы осы болуы тиіс. Өкінішке қарай, бүгінде тәртіп сақшысының негізгі мақсаты қылмыспен күрес болып тұр. Бұл бар назарды құқықбұзушылыққа алып келеді. Сондықтан, оның негізгі нысандары қылмыс және құқықбұзушы, ал жұмысының негізгі көрсеткіші қылмыстың ашылуы, айыппұлға тартылушылар, тұтқындалушылар, айыпталушылар саны болып отыр. Осылайша ұзақ уақыт бойы жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмысы тек қана анықталған құқық бұзушылықтар мәліметі негізінде бағаланып келді. Ал, азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі осы көрсеткіштердің көлеңкесінде қалды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің ел дамуының жаңа көжиектерін белгілеп берген биылғы наурыз айындағы жолдауында адамдар тыныштығының сақшысы полиция қызметін жандандыруға қатысты да міндет жүктеді. Ол бұл институтты әлемдік тәжірибеге сай халықпен серіктестік негізінде жетілдіру арқылы қылмыстың алдын алу мәселелерін қамтиды. Жуырда Елордада «Қазақстандағы полиция жұмысының сервистік үлгісі» деген тақырыпта өткен форумда осы мәселе кеңінен талқыланды. Оған Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ержан Жиенбаев, Бас прокурор Берік Асылов, Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Янкаускас Кестутис, сонымен қатар, мемлекеттік органдар, дипломатиялық миссия, заңгерлер және ғылыми қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жалпы, елімізде бұл бағытта реформа жүріп жатыр. Яғни, бүгінде тәжірибеге енгізіліп жатқан полицияның сервистік үлгісі тыныштық күзетшісінің жұмысын сапалы түрде қайта бейімдеу, жүйені әкімшілік-әміршілдік жұмыс стилінен ажыратып, адамдармен жанды қарым-қатынасқа бағыттау, жан-жақты сараптау негізінде нақты мәселелерді шешуге бағытталған әдісті қолдану. Жиында айтылған әңгіме барысынан түйгеніміз, сервистік үлгінің миссиясы болып табылатын азаматтарға қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ету құқықбұзушылықтың алдын алу және тұтынушыға бейімделген жұмыс әдісімен қол жеткізіледі. Жедел жұмыс істеу болған оқиғаға назар аударумен бірге сонымен қатар қауіпсіздік мәселелерін алдын ала шешуді қамтиды. Оның негізгі нысаны азаматтар мен қауым­дастық, ал тиімділіктің көрсеткіштері қылмыстылық көрсеткіштерімен қатар азаматтардың қауіпсіздік сезімі, полицияға деген сенімі, қоғамның өмір сүру сапасы. Жалпы, сервистік полиция қызметінің мақсаты қылмысты анықтау емес, оның алдын алу, қашанда көмек көрсетуге дайын болып, тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнату. Яғни, мәселенің мәні қызметкерлердің ойын түбірінен өзгерту, тек полиция емес, жергілікті атқару орындарының жұмысын ұйымдастыру.
Сервистік полицияның бірыңғай үлгісі жоқ, бірақ ортақ қағидаттары бар. Ол полицияның танымалдығы, қолжетімділігі, қайырымдылығы, ашық­тығы және есептілігі. Әр елдің сервистік полициясының өз үлгісі бар, олар нақты жергілікті жағдайға бейімделіп, ұлттық мәдениет, заңнама, және ресурстық мүмкіндіктер есепке алынады. Қазақстан бұл институттың үш басымдығын айқындады. Олар азаматтардың полициямен байланысын барынша жеңілдететін қадамдық қолжетімділік. Екіншісі, құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді жұмыс үрдістері. Үшіншісі тұрғындармен, құқықбұзушылықтың алдын алу нысандарымен тығыз серіктестік.
Қадамдық қолжетімділік бойынша қажет жерлерде полицияның үнемі қасында екендігін сезінуді қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүріп жатыр. Бұл учаскелік пункттердің, ұтқыр күзеттердің тиімді орналасуын, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, сонымен қатар, цифрлық технологияны қолдану шараларын қамтиды. Жергілікті органдармен учаскелік пункттерді, оның ішінде тұрғын үй кешендерін салу мәселелері пысықталуда. Дамыған елдердің тәжірибелеріне сү­йене отырып, ішкі істер органдарының модульдік посттары қалалардың криминогенді аймақтарына орнатылған. Онда тәулік бойы қабылдап, қызмет көрсетуге қажетті жағдай жасалған. 2021 жылы 91 заманауи учаскелік пункт және 61 модулды полиция посты пайдалануға берілді. Қоғамдық орындарда және автомагистралдарда SOS түймешіктері қондырғысы орнатылды. Полицияларға онлайн форматта бейнеқоңараумен азаматтар өтінішіне үн қатататын 102 мобильді қосымшасы жұмыс істеуде. Азаматтарға айыппұлды төлеуде қолайлы болу үшін барлық күзет қызметкерлері электронды планшеттер және терминалдармен қамтамасыз етілген.
Келесі бағыт жұмыс үрдістерін оңтайландыру, құқықбұзушылықтың тиімді түрде алдын алу, әлеуетті қатерлердің дер кезінде алдын алу. Алдын алу жүйесіндегі басты буын полицияның учаскелік инспекторы. Негізінен тек қана осы қызметкерлер тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасайды. Жекелеген ауылдарда учаскелік полицей биліктің жалғыз өкілі. Онда ол заңдылықтың және ауыл тыныштығының жалғыз кепілдігі. Осы негізде полиция инспекторының жаңа образын қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалуда. Оның мәртебесі заң жүзінде көтерілді. Учаскелік полиция қызметкері ішкі істер органы атынан жеке және заңды тұлғаларға құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға ұсыныс жасауға және олардың орындалуын талап етуге құқылы. Оның әкімшілік жаза қолдану өкілеттігі 51 құрамға дейін кеңейтілді. Әміршіл-әкімшіл әдісті жою мақсатында олардың жұмысын жақсарту пысықталуда. Ережелерден – азаматтарды қабылдау, қора кітапшасы, инспекторлар, кәсіптік есепке алуды тіркеу, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, әкімшілік қадағалау секілді 10 жуық журнал алынып тасталды. Әкімшілік қадағалау паспорты оңтайландырылуда, сайт, қағаз тізімдер және есеп беретін тұлғалар туралы есептер жойылды.
Жақын арада жинақталуы негізсіз көп уақытты алатын қылмыстық емес материалдарды есептен шығару про­цестері цифрландырылатын болады. Соттарда әкімшілік істерді қарау процесін оңтайландыру мәселелері пысықталуда. Бұл қызметтің құрамдас бөлігі ретінде учаскелік инспектордың көмекшісі мәртебесі де заңнамалық тұрғыда бекітілген. Енді көмекші учаскелік полиция қызметкерінің көптеген өкілдіктеріне, соның ішінде, әкімшілік материалдар бойынша процессуалдық шешімдер қабылдауға ие.
Бюрократизация және міндеттерді оңтайлы бөлу учаскелік инспекторға өз учаскесінде көбірек болуға, материалдарға қол қою үшін аудандық бөлімдердің басшылығына баруға алаңдамау­ға және уақытын негізгі міндеттерге оның ішінде ең алдымен халықпен жұмыс істеуге арнауға мүмкіндік береді.
Әрине, кез келген жаңашылдық тұрғындар мен полицейлердің өзара қа­рым-қатынасының жаңа форматына да­йындығын тексеруден басталу керек.Осы міндеттерді шешу үшін 2020 жылы елордалық полиция басқармаларының бірінде «полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы іске қосылды. Ол полиция жүйесін басқарудың жаңа тиімді нысандарын сынақтан өткізуге және енгізуге арналған.
Соңғы бағыт-бұл халықпен және құқық бұзушылықтың алдын алудың басқа субъектілерімен өзара іс-қимылдың тиімді нысандарын құру.Бұл міндеттерді жергілікті қоғамдастықтың белсенді атсалысуымен ғана тиімді шешуге болады.Сондықтан мұнда барлық мемлекеттік органдардың күш-жігері мен мүмкіндіктерін шоғырландыру өте маңызды.Бұл үшін елімізде құқықтық және ұйымдастырушылық негіз бар.Кодекстер, салалық заңдар, соның ішінде «құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы», «азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» және тағы да басқа заңдар қабылданды.Тиісті мемлекеттік және қоғамдық органдар мен институттар жұмыс істейді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылды, олар мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын және үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған.

А.Тұрмағанбетова,
«Заң газеті»

Абай облысында тағы орман өртеніп жатыр

Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман жамылғысы аумағында өрт шыққан. Филиалдың мәліметтері бойынша, бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.

Алматыдағы атышулы автобус апаты: сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді.

ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Биыл Ақмола облысының егіншілері былтырғы қуаңшылықтан соң тұқым қорының аздығына алаңдаған еді. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін бұл мәселе оң шешімін тапқандай.

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛЕР 400 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Құмар ойындары қоғамның дертіне айналды. Тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да осылай демеске шара жоқ. Медицинада лудомания патологиялық өзгеріс ретінде анықталып, ем тағайындалатын болды. Біздің елімізде бұл дерттің құрығына түскендер саны 400 мыңға жетіпті.

Жаңбыр және жел: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.