12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Балаева Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы болып тағайындалды. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізілді. 

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде 7-тармақта «хатшыдан» деген сөз алып тасталды.

13-тармақ мынадай редакцияда жазылады:

«13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Балаева Аида Ғалымқызы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға»;

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)».

Прошел круглый стол по обсуждению проблемных вопросов

26.04.2024 года в межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны...

Практика рассмотрения судами споров о взыскании ущерба с участием страховых компаний

В современном мирестрахование выступает в качестве системы по защите...