12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Адамдықтың егінін шаштым»

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы, Торғай облысында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын Шошақұлы, арғын ішінде беделді, елдің бас адамы болған. Байтұрсынның Ақтас деген інісі болған.

Байтұрсын мен Ақтас атағын шығаруға зор себеп болған нəрсенің біреуі мынау: 1885 жылдың 12 желтоқсанында, Байтұрсын ауылы Жыңғылды деген өзенде күзектеп отырғанда, сол ауылға Торғайдың ояздық нəшəлнігі Яковлев келеді. Яковлевтің келетін себебі Байтұрсынды ұстау болса керек.
Байтұрсын мен Ақтас Яковлевке көнбей, араларында жанжал шығып, төбелес болған. Байтұрсын Яковлевтің басын жарған. Бұл жолы Яковлев өз қаласына қайтып, артынан əскер жіберіп, Байтұрсын мен Ақтасты ұстатқан. Артынан бір жылдан соң Қазанның округтық соты тергеп, екеуін де 15 жылға Сібірге жер аударуға, мал-мүлкін кəнпескелеуге қаулы қылған. Ахмет бұл кезде 13 жаста. «Маса» дейтін өлең жинағындағы «Анама хат» деген өлеңінде: «Он үште оқ қадалды жүрегіме», – дейтін себебі осы.
Байтұрсынның елде Ерғазы дейтін немере інісі қалады. Басты адамдары жер аударылып, мал-мүліктен айы­рылып, «дос-жарандар» бытырап, Байтұрсын тұқымына жүдеушілік кір­генсін Ерғазы Байтұрсын мен Ақ­тастың балаларын оқытуды ойлайды. Оқытқанда орысшаға береді. Үйтетін себебі, сот болғанда орыстың тілін білмегендіктен Ақтас пен Байтұрсын көп кемшілік көреді. Ерғазы көп кідірмей-ақ, Байтұрсын, Ақтас айдалған жылдың күзінде Ақтас баласы Аспандиярды, Байтұрсын баласы Ахметті Торғайдағы қазақ балаларына арналып орыс тілінде ашылған екі кластық мектепке береді.
1891 жылы Ахмет ол мектепті бітіреді де, сол жылы Орынборға барып Орынбордағы қазақ балаларына арналған ұстаздық курсқа кіреді. Бұл курсты ол 1895 жылы бітіреді. 1895 жылдан 1909 жылға шейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ұстаз болады. 1909 жылы Ахметті Шыңғысұлы Тəттімбет дейтін жандармада қызмет қылатын адам «Патшаға қарсы» деп көрсетіп, Ахметті шілденің бірі күні абақтыға жауып, содан 8 айға абақтыда отырып, 1910 жылдың 21 ақпанында босайды да, Орынборға кетеді. 1910 жылдан 1913 жылға шейін Aхмет көбінесе қазақ тілінің құралын, жаңа қазақша мектеп ашудың жолын жоспарлайды. Ара-тұра өлең жазады.
1913 жылы ақпаннан бастап, Орынборда «Қазақ» атты газет шығып Ахмет соған редактор болып сайланады. «Қазақ» газетінде редактор болып тұрған кезде Ахмет патша үкіметіне қарсы жазған мақалалары үшін əлденеше рет айыппұлға тартылады. 1914 жылы «Қазақ» газетінің 80-санында жазылған бас мақала үшін салынған 1500 сомды төлемей Ахмет абақтыға түседі де, артынан оқырмандары жинап, əлгі ақшаны төлегесін, аз күн отырып шығады. Ақпаннан кейін Ахмет «Алашорданы» ұйымдастырушы адамның біреуі болады. «Алашорданың» Орынборда бірінші съезін басқарады. Сол съезде құрылтайшылар жиынына (Құрылтайға) мүше боп сайланады.
Кеңес үкіметімен сөйлесіп Ахмет Алашорда мүшелеріне, көсемдеріне кешірім жариялатқан. Содан кейін Қазақ автономиясын ашу мəселесін сөйлесіп, автономия берілетін болғаннан кейін Орынборға келіп, партияға кірген. 1920 жылы бірінші Кеңестер съезінде Ахмет Қазақ үкіметінің оқу комиссары болды. 1921 жылы комиссарлықтан түсіп, Қазақстан білім комиссиясына бастық болды. 1922 жылы Ахмет коммунистік партиядан шықты. Бірақ білім комиссиясынан түскен жоқ, бұл кезде Ахмет қазақ институтында оқытушы да боп тұрды. 1928 жылы Ахмет білім комиссиясынан босатылды да, Алматы қаласында ашылған бірінші қазақ университетіне қазақ тілінен оқытушы есебінде келеді. 1929 жылдың басында, Кеңес үкіметіне карсы жасырын ұйым құрды деп айыпталып, абақтыға алынды. Қысқаша айтқанда, Ахметтің өмірі осы.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы.
Оның өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы – ақындық еңбегі. Халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады.
Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынов еді. «Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов­тың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахмет Байтұрсынов – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның жазған кітаптары, ол туралы жазған кітаптар қазірде қолданыста жүр.

Т.Бектұрсынов,
 Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...