12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кәрім Мәсімовтің немере інісіне қатысты іс: Жаңа мәліметтер белгілі болды

Павлодар облысының полиция департаменті басшыларының ісіне қатысты жаңа мәліметтер анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жоғары лауазымды тұлғаларымен сөз байласып, полицияға құрал-жабдық жеткізген кәсіпкерлер ұсталғанын Павлодарда өткен брифингте айтты.

“Расында да, Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген бұрынғы ішкі істер департаментінің бастығы мен оның орынбасары жауапкершілікке тартылды. Тергеудің пікірінше, олар сатып алынған материалдық-техникалық құралдардың көлемін асыра бағалаған», – деді министр.

Сонымен қатар, ол жоғары лауазымды тұлғалармен сөз байласып, полицияға құрал-жабдық жеткізген кәсіпкерлер де сот санкциясымен қамауға алынғанын айтты. Қазір тергеу жүріп жатыр.

“Бұл бақылаусыздық полиция департаментіне, атап айтқанда, жалпы ішкі істер органдары имиджіне нұқсан келтірді, – деп атап өтті министр.

Ол сыбайлас жемқорлық фактілері республиканың басқа өңірлерінде де анықталғанын айтты.

“Біздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттермен бірлесіп жүргізген тексеруіміз бойынша, Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы мен патрульдік қызметтің бірқатар қызметкерлері ұсталды. Сондай-ақ бірқатар басқа облыстарда қатарларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары бойынша шын мәнінде көзге түскен, жағдай жасалған жерлердің бәрі және басшылары жауапкершілікке тартылады. Бізге «таза» қызметкерлер керек, – деді Ішкі істер министрлігінің басшысы.

Марат Ахметжанов бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынына уәде берді.

Еске салсақ, Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген еді. Сәуір айының басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысы бойынша ДПД бастығының орынбасарының ұсталғанын хабарлады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе иемдену) бойынша жүргізілуде. Осы бап бойынша кінәлілер 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық істі тергеу үшін ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.

Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов сот шешімімен сырттай қамауға алынды. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен іздеуге жарияланды. Әзірге оның қайда екені белгісіз.

Айта кетейік, Нұрлан Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасады деген күдікпен тергеліп жатқан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.

Есірткіге тәуекелділіктің соңы – қылмыс

Есірткі – қоғам дерті, ғасыр індеті. Ел ертеңіне алаңдаған...

«Справка о наличии либо отсутствии судимости в онлайн режиме»

Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры...

СРОК ЗА ГЛУПУЮ ШУТКУ

«Всякое действие имеет противодействие». Так гласит третий закон Ньютона....

В УСЛОВИЯХ НОВОГО ЗАКОНА

18 ноября 2022 года вводится в действие Конституционный закон...

Прокурорлар тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан...