12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тергеу изоляторының «ақ халатты қарлығашы»

Қазақта « Денсаулық- зор байлық » деген тамаша сөз бар. Сол зор байлығымыздың қорғаушы, сақтаушысысының бірі — ақ халатты абзал жандар екені анық.
Соның ішінде әр адамның денсаулығына қатысты сөз болғанда, алладан кейін жаныңа арашашы болар медбикелер.

Әрине, денсаулығың сыр беріп,тәнің ауырса жедел жәрдеммен шұғыл жетіп, алғашқы көмегін көрсетіп, ауырсынуыңды басатын медбикелер.

Гипократ алдында ант қабылдаған медбике үшін сен тіптен қаскөй қылмыскер болсаң да, басты міндеті: дертіңе дауа, еміңе шипагер болу. Сондықтан да болар, бас бостандығынан айрылып, қоғамнан оқшауланған ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы қамауындағы азаматтары мекеменің мейірбикесі Егізбаева Айжанды «ақ халатты қарлығаш» деп атайды. Жастық шақтың алып- ұшпа қызбалығымен қылмыс жасап,бес жылға бас бостандығымнан айрылдым. Мұнда, өкпеме суық тиіп, қатты жөтеліп келген болатынмын. Бұл халімді бірден аңғарған мекеменің мейірбикесі, әртүрлі сынамалар алып, нәтежиесінде,туберкулез диагнозы бойынша есепке тіркеп, дұрыс ем-дом алуыма ықпал етті.

Бірнеше ай, Айжан Күмісбекқызының қадағалауымен, дәрігер бекіткен дәрілерді уақтылы үзбей іше отырып, жұқпалы ауруымнан айықтым. Қанатымен су сепкен қарлығаш құсындай, мұндағылардың денсаулығын қалыпқа келтіру мақсатында тер төгіп жүрген мейірбикеге бәріміздің айтар алғысымыз көп. Біз сүйікті мейірбикемізді « ақ халатты қарлығашымыз» деп құрметтейміз, — дейді, шаруашылық бөліміне қалдырылған Н есімді сотталған азамат. Заты нәзік,талдырмаш қана, қағілез келген ақ халатты Айжанды сырт көзге суық көрінер биік дуал, темір қоршаудың ішінде жұмыс жасайды дегенге қимайсың. Әйтседе, бала күнгі арманын жүзеге асырған жалындаған маманға еш кедергі тосқауыл болмағандығын өз аузынан естіп, білдік. Мен 2008- жылдан бері, осы мекемеден мейірбике болып жұмыс жасап келемін. Қызылорда медециналық колледжін « мейірбике ісі» бойынша оқуымды тәммамдап, дипломымды қолға алып, алғаш осы ҚАЖ саласына жұмысқа келдім. Қызметтік міндетімді атқару ағашқыда маған біршама қиындықтарды тудырды. Өйткені, менің пациенттерім ел заңына бағынбаған,басбұзарлар мен қаскөй қылмыскерлер болды. Бірақ, мен оларға алдымен көмегіме зәру, дертіне ем іздеген жандар деп қарадым.

Сондықтан алдыма қабылдауға келген әр азаматқа жылы сөйлеп, мейірімді қарым-қатынаста болып келемін. ҚАЖ саласында «8 сағат істедім, жұмысым аяқталды» деген нәрсе жоқ. Мұнда этаппен күн-түн, жыл мезгіліне қарамай істі болғандар келіп, түсіп жатады.Кейде тіпті үйдің бетін көрмей жұмыс жасайтын кездеріміз де болады.

Тергеу изоляторына келіп түскендер, ең алдымен толықтай медециналық тексерістен өтеді. Азаматтардың денсаулықтарын басты назарда ұстап отырамыз – дейді, 14 жыл еңбек өтілі бар, әділет старшинасы.

Ия, біршама жыл міндетін мінсіз атқарып келе жатқан Айжанның жеткен жетістігі де баршылық. Ең бастысы, 2021 жылы ҚР Президентінің жарлығымен « Халық алғысы» медальімен наградтталды.

1986 жылы дүниеге келіп, ел тәуесіздігімен бірге өсіп-өркендеп, білім алып,бүгінде өзі қалап оқыған мамандығы бойынша еңбек етіп, егеменді еліміздің бір бұрышына кірпіш болып қаланған, Айжан Күмісбекқызын ұжым болып, бүгінгі төл мерекесімен құттықтаймыз.

Сотталғандарға наурыз көже таратылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде...

Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі”...

Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын...

Сотрудники учреждения №2 Департамента УИС по городу Астана продолжили марафон добрых дел

2-ой день праздика «Наурызнама», который начался 14 марта является...