Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Желіден әлеуметтiк және ұлтаралық алауыздықты қоздыратын жазбаларды анықтап, тіркеп алдық. Материал авторлары азаматтардың немесе белгілі этникалық топтың (ұлттың, халықтың) ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдейі қорлайды. Басқа ұлттың немесе әлеуметтік топтың адамдарына, тіпті, зорлық-зомбылық көрсетуге дайын екендерін де білдіріп жүр. 

Әдетте, мұндай жазбалардың авторлары құқық қорғау органдары өздерінің жеке тұлғаларын анықтағаннан кейін өз әрекеттеріне өкініп, көпшілік алдында кешірім сұрайды. Алайда, бұл оларды жауапкершіліктен босатпайды», — делінген Бас прокуратураның үндеуінде.

Ведомство мәліметінше, олардың БАҚ немесе әлеуметтік желілерді пайдаланып, айтқан сөздері мен мәлімделемелері Конституцияда тыйым салынанған және Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал егер келтірген залалдың салдары ауыр болса, 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұл құқық бұзушылық экстремистік қылмыс санатына жатады (ҚК-тің 3-бабы).

«Мұндай әрекет жасағандарға шартты түрде соттау (ҚК-нің 63-бабы), шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ҚК-нің 72-бабы), жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру (ҚК-нің 73-бабы) немесе кейінге қалдыру қарастырылмаған (ҚК 74, 76-баптары)», — делінген хабарламада.

Осындай қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталғандар экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың Тізіміне енгізіледі. Тізімге енгізілген кезеңде олар өз қаржысы мен мүлкін басқарудан, кейбір банк операцияларын жүргізуден шектеледі, нотариустар мен сақтандыру ұйымдарының қызметтерін қолдана алмайды («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңы).

«2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ұлттық араздықты қоздыру фактілері бойынша 21 адамды сотталды», — деп қосты Бас прокуратура. 

14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні...

Қоғам сенімін қалыптастырудағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет алдындағы...

“Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” атты спорттық іс-шарасы өткізілді

Талас аудандық прокуратурасының бастауымен “Заң мен Тәртіп” Қауіпсіз...

Сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері

Сотқа дейінгі татуластыру – дауды сотқа жеткізбей, тараптардың өзара...

Қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтар

Қоғамдық тәртіп – қоғамдағы адамдардың тыныш әрі қауіпсіз өмір...