12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ерлан Саиров, Парламент Мәжілісінің депутаты: «Референдум демократияның негізін қалайды»

Осынау бүкіл адамзат үшін рухани мәні зор кезеңде біздің елімізде орасан зор саяси процестер қарқын алып отыр. Ол процестің басты өзегі елімізде жарияланған Конституцияға өзгерістер жөніндегі референдум.

Референдум жөнінде ой толғау үшін ең бірінші Қазақстанның саяси тарихына шолу жасау қажет. 30 жылда Қазақстан толыққанды тә­уелсіз мемлекет болып мойындалды. Халықаралық аренада жинап терген абыройымыз да бар. Айналадағы көршілермен өзара тату-тәтті өмір сүрудің бет-әлпетін де жасадық. Ешқандай ұлтаралық шиеленіс болмады, төзімді болдық, иық тіресіп өзара тату өмір сүре білдік. 30 жылдағы әттеген-айларға да тоқталсақ:
Жер мен жер қойнауы «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кетті. Халық бүкіл елге тиесілі жер, жер қойнауы ресурстарынан тыс қалды. Бүкіл байлыққа олигополия ие болып қалды. Саяси аренада да монополия пайда болды. Демократия мен плюрализм принциптері аяқ асты болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген үш жылдың ішінде елімізде саяси реформалар мен әлеу­меттік әділеттілік принциптерін ен­гізуді ұсынып қана қоймай, осы мәселені жүйелі түрде іс-жүзіне асырып келеді. Саяси реформа дегеніміз, ең бірінші Конституцияны тазалап, басты құжатта халық пен ел принциптеріне басымдық беру. Енді, сол Конституцияға енетін өзгерістерді бір анықтап өтсек. Конституцияның 6-бабына «Жер және жер қойнауы, табиғат ресурстары халық меншігі» деген ұғым енгізіледі. Яғни, бүкіл жер ресурстары мен жерге қатысты шаруа­шылық қатынастар принципін өзгертеді деген сөз. Конс­титуциялық Сот институты пайда болады. Бұл сотқа еліміздің азаматтары барлығы жүгіне алады. Бұл соттардың қисық-қыңыр, түсініксіз, әділетсіз ше­шімдеріне үлкен тосқауыл болатындығы анық. Бүгінде соттардың ісіне бірде-бір инс­титут, мемлекеттік орган араласуына құқы жоқ. Сөз жүзінде, сот өкілдері дербес, тәуелсіз. Соттар өздерінің тә­уелсіздігін өзінше түсініп, азаматтардың құқын бұзады деген түсінік басым. Енді, соттарды да бақылау инс­титуты пайда болады деген сөз.
Президенттің құзыреті азайып, Парламент, оның ішінде, Мәжілістің құзыры артады. Мәжіліске Жоғары аудиторлық палатаны тыңдау, оның есебі бойынша шешім қабылдау құзыреті беріледі.
Партияларды тіркеу жеңілдейді. Партияны тіркеу үшін бар-жоғы 5 мың адамның қолы қажет. Бұл партиялық құрылыс жылдамдап, жаңа саяси күштер пайда болады деген сөз. Парламенттің Мәжілісіне және жергілікті маслихаттарға тікелей сайлау, можаритарлық жүйе енеді. Бұл аспект Парламент пен маслихаттардың халыққа есеп беру дәрежесін арттырады. Бұл өзгерістердің барлығы ертең халық мүддесі тұрғысынан жасалған жаңа заңдардың пайда болуына алып келеді. Өткендегі олигополия, әділетсіз экономикалық жүйе, жеке бір топтың саяси монополиясы келмеске кетеді деген сөз. Бұл Конституция жобасының ең басты ерекшелігі саяси монополияны келмес­ке кетіреді, экономикалық игіліктерді халыққа қайтаруға алғышарт жасайды. Жаңа Конституцияның жобасы өткен мен болашақтың, ескі саяси жүйе мен жаңа әділетті, саяси плюрализмге бағытталған жүйе арасындағы жол­айрық, ара жігін ашып алу фундаменті.
Өкінішке қарай, осы реформаларға жаны қарсы, өзінің материалдық ресурстарынан айырылып қалуға жақын тұрған, бұрын халыққа тиесілі игілікті «сүліктей сорып» келген топтар бұл өзгерістерді қаламайды. Олар бұрынғы саяси, экономикалық «статус-квоның» сақталып тұрғанын, өздерінің күн көріп отырған, «жіліктің майлы» жерінен, «құйқаның» қалың жерінен айырылғысы келмейді. Сондықтан, Конституцияның жаңа жобасын қабылдауды қаламайды, әртүрлі жолдармен референдумға қарсы шығуы да ықтимал. Бізге осыдан сақ болу керек.
Реваншисттік күштер, өткенді көксеп, саяси жүйені ескіге алып келгісі келеді. Олар бүгінгі саяси реформаларды ревизия жасап, халыққа экономикалық игіліктердің қайтуына, әлеуметтік әділеттілік принциптерінің іс-жүзіне асуына қарсы тұратындығы анық.
Мен референдумды қолдаймын, өйткені референдум демократия мен плюрализмнің негізін қалайды! Басқа мемлекеттер бүгінгі турбулентті заманда жеке биліктің фундаментін қатайтып, азаматтардың құқын қысып жатқан кезде, Қазақстан саяси реформалар жасап жатыр. Біздің басшылық халықтың мүддесін қорғап, азаматтардың құқын арттырып жатыр. Олигархтардың құлқынын тоқтатып, халық игілігін өзіне қайтаруға жол басталды. Араны ашылып кеткен қаржылық топтардың тәбетін тоқтатып, халықтан әділетсіз тартып алған меншігін орнына қою процесі жүріп жатыр. Сондықтан, референдумды қолдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Демокартия. Плюрализм.  Әлеуметтік Әділеттілік. Теңдік. Заң және Құқық. Міне, біз діттеген, біз аңсаған құндылықтар осы жаңа Конституцияда айқындалған.

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...

ЗОЛОТОЙ МОСТ МЕЖДУ НАРОДАМИ

Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов посетил Казань в рамках официального...

КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОХРАННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

В Казахстане планируют ужесточить государственный контроль над частными охранными...