12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Маман даярлауда өндірістік тәжірибенің маңызы жоғары

26 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Темірбек Қожакеев атындағы акті залында «Теңізшевройл» (ТШО) мұнай-газ өндіретін компания өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға компанияның үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев, құқықтық қамту бөлімінің бас менеджері Әсет Құрманбаев, қоғаммен байланыс жөніндегі білікті мамандар Светлана Қайырғалиева, Раушан Найзабаева, сондай-ақ журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мадиев, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысовалар қатысты. Басқосуға факультеттің ұстаздары мен студенттері қатысып, өз сауалдарын қойды. Қоғаммен байланыс мамандығының алар орны, маңыздылығы және студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру төңірегіндегі ойларын ортаға салды.

    «Шеврон» компаниясының атқарған әлеуметтік бағдарламалары, алдағы жоспарлары  таныстырылып, қазіргі нарыққа қажетті медиамамандар дарлаудың жолдары мен жаңа мүмкіндіктері сөз болды.

1993 жылдан бастап «Шеврон» өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,4 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсаған. 2017 жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының бюджеті 25 миллион АҚШ долларына жеткен. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалған. Бағдарлама аясында 110-нан астам әлеуметтік маңызға ие инфрақұрылым нысандары салынып, дәрігерлер, мұғалімдер және техникалық мамандар үшін мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Аталған ірі жобалар мен игі істер жалғасын таба беретіні сөзсіз.

    2023 жылы «Теңізшевройл» компаниясының құрылғанына 30 жыл толады. Дәл осы жиында алдағы 30 жылдықта өткізілетін шаралар, ауқымды жобалар және құрылғалы бері атқарылған әлеуметтік жобалар, денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жайлы айтылды. Атап өтерлігі, «Теңізшевройлда» жұмыс істеу процесі озық технологияларға сәйкес келеді және жұмысқа қабылдану ашық түрде жүргізіледі. Компания тек тәжірибелі мамандарға ғана назар аудармай, сонымен қатар компанияның қажеттіліктеріне қарай жоғары оқу орындарының талантты да талапты түлектеріне де мүмкіндік береді.

2007 жылы ТШО кәсіпорыны Сарықамыста тұрған 374 отбасына (1590 адам) арнап Атырау қаласындағы Лесхоз ықшамауданынан жеке кент тұрғызған, қалған 377 отбасына (1889 адам) Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде осыған ұқсас жаңа тұрғын үй кешенін салған. Сонымен қатар, Атырау облысы мен қаласындағы мәдениет мекемелеріне, балалар үйлеріне, интернаттарға, қарттар үйлеріне, ауруханалар мен клиникаларға, мүгедектер ұйымдарына, тұрмыс деңгейі төмен адамдарға демеушілік көмек көрсеткен.

Компанияның бас менеджері Рзабек Артығалиев “Жұртшылықпен байланыстың маңызы” атты презентациямен таныстырып, “Теңізшевройл” компаниясының мүмкіндіктері мен жетістіктерін атап өтті. Қоғаммен байланыстың компанияның беделін қалыптастыру жолында атқаратын қызметтері мен туындайтын қиыншылығы жайлы да кеңінен мысалдар келтірді. Студенттерге мүмкіндік беру мақсатында алдағы уақытта тәжірибеден өткізуге жағдай жасайтынын тілге тиек етті. Шараға қатысушы басқа қонақтар да сөз алып, аудитория сұрақраына жауап берді.

Үш сағатқа созылған басқосу қажет ақпараттарғақа толы болып, студенттер өздерін толандырған сауалдарға жауап алды. Жиын соңында журналистика факультетінің деканы, филология ғылымының кандидаты, доцент Сансызбай Мадиев сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдіріп, кәде-сый тарту етті. Сапалы, нарыққа бейімділігі жоғары маман даярлауда іскерлік қарым-қатынас жаласа беретініне сенім білдірді.

Әбихан Аружан,

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті,

«Қоғаммен байланыс» мамандығының

2-курс студенті

«Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартын енгізу мәселесі бойынша семинар өткізілді

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде квазимемлекеттік секторда «ISО 37001:2016 Парақорлыққа...

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру ...

В Семее сотрудники УИС активизировали работу по профориентации

В Семее сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай...

Алматылық дәрігерлер жол апатына ұшыраған ер адамның аяғын сақтап қалды

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель          

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...