12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда 1 мамыр қалай тойланады?

25 сәуір мен 1 мамыр аралығында Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ге жуық түрлі мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтіледі.

1 мамырға арналған іс-шаралар тізімі:

— Абай алаңында «Достық туралы ән» музыка фестивалі өтеді. Концертте белгілі орындаушылар, соның ішінде Айқын Төлепберген, Ғазизхан Шекербек, Кәмшат Жолдыбаева, 2rar, Нұрмұхамед Жақып, Мәди Рымбаев, AYREE, А.Z, Ziruza, C.C.TAY, AlZaBi, КешYou өнер көрсетеді;

— хайуанаттар паркінде цирк маусымының ашылуына орай «Қазақ мемлекеттік циркінің» көшпелі шоу-бағдарламасы;

— әл-Фараби даңғылы/Қозыбаев көшесі бойында веложарыс ресми түрде веломаусымның басталуын атап өтеді;

— Алатау ауданындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Бірлігіне берік ел» концерті;

—  М.Ганди атындағы саябақта Алмалы ауданының балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық бағдарламасы болады; 

— Әуезов ауданындағы «Сарыарқа» скверіндегі Family park-те мерекелік концерт; 

— Бостандық ауданындағы «Мега Алматы» СОСО іс-шарасы;

— Жетісу ауданында «Гүлдер» саябағында мерекелік бағдарлама; 

— Медеу ауданында — «Ғылым ордасы» алаңында және Ш. Уәлиханов атындағы саябақта. 

— Наурызбай ауданында аудан әкімдігі ғимаратының жанында концерт;

— Түрксіб ауданында — «Март»СОСО жанында.

Сонымен қатар, 25-29 сәуір аралығында қала мектептерінде Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған сынып сағаттары, қаланың барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінде 1 мамырға арналған іс-шаралар өтеді.

29 сәуірдегі іс-шаралар тізімі:

– И.А.Крылов атындағы кітапханада Еуразиялық аграрлық колледжінде «Барлық халықтарға ортақ мейрам» квест және «Ынтымағы жарасқан туған өлкем — Қазақстан» фестивалі өтеді;

— Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның Н.Тілендиев атындағы камералық залда мерекелік концерт жоспарланған;

— дәл осы күні «Гүлдер» саябағында этномәдени бірлестіктер арасында жарыс өтеді;

30 сәуірдегі іс-шаралар тізімі:

— сағат 10:00-де Наурызбай ауданындағы Нұрмұхамедов көшесінде «Бірлігіміз жарасқан!» ақциясы бойынша ағаш көшеттері отырғызылады;

— Автомеханика колледжінде Қазақстан халқының Бірлігі күніне  арналған «Құстың күші – қанатында, адамның күші — достықта» атты фольклорлық мереке өтеді.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...