Депутаттар Алматы әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды

Парламент Мәжілісінің отырысында «Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мемлекет басшысының Қапшағай қаласының атауын өзгерту туралы бастамасының жалғасы ретінде, алматылықтардың бастамасын қолдай отырып, Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беруді ұсынамыз», — деді депутат Ерлан Смайылов. Мәжілістің жалпы отырысында.

Өтініш Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың атына жіберілді.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында бірнеше облыстың құрылғанын мәлімдеп, Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгертуді қолдаған болатын.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...