12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру жоспарын бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қаулы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы».

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі — Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;

2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», — делінген қаулы мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ауғанстаннан «Диуани Хикметтің» беймәлім қолжазбасы табылған

Ауғанстаннан табылған «Диуани Хикметтің» бұрын белгісіз қолжазбасы Қожа Ахмет...

«Қазақ халқының татуласу рәсімдері: дәстүр мен рухани үйлесімнің көрінісі»

Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани дүниетанымы мен өмір...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі

Кейнгі көздері «адам өзгерді ме, заман өзгерді ме?» деген...

Алматыдағы балалар колониясынан рақымшылық бойынша алғашқы жасөспірім бостандыққа шықты

Жуырда 16 жасар Жансұлтан “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына...

Кәмелетке толмаған сотталған балаларға арналған тренинг өтті

 Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесіне «Азаматтардың...