12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мас жүргізуші – қылмыскер

Жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту – амалсыз шара. Жолдағы жүгенсіздіктің кемудің орнына өсіп бара жатқанын статистикалық деректер де айғақтайды. Мәселенің маңыздылығын түсінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдағы жағдай алаңдаушылық тудыратынын және мас күйде автокөлік жүргізгендер үшін жазаны қатаңдату қажеттілігін атап өткен еді.

«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет» деген еді Президент. Осы ескертуден кейін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшіне енген болатын.
Заман ілгерілеп, қоғам дамыған, азаматтардың құқықтық сауаты өскен бүгінгідей уақытта тұрғындардың жол апатынан қаза табуы жақсылықтың нышаны емес. Осы жағдайдың алдын алу үшін мемлекет тарапынан қолға алынған шаралар баршылық. Азаматтардың сана-сезімін оятып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында көрнекі жерлерге ескерту, сақтандыру хабарламалары ілініп келеді. Сонымен бірге, пәрменді шара ретінде мас күйінде рөлге отырғандарға қатысты қолданылатын жаза да қатайтылды. Алайда, заңнамадағы жаза қатаңдатылғанмен, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қолға алынған жұмыстардан толық нәтиже шықты дей алмаймыз. Бұлай кесіп айтуымыздың себебі жоқ емес.


Мәселен, бірінші рет көлікті алкогольдік, есірткілік, психотроптық масаң күйде тізгіндегендер, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сәйкес, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынып және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Бұл мерзім – құқық бұзушының ойлануына, қателігінен сабақ алуына жеткілікті уақыт. Өкінішке орай, 15 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылғаны аздай, құқықбұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасайтындар да кемімей келеді. Қылмыстық кодекстің 346-бабы толықтай өзгертілді.

Соған сәйкес, егер көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде тағы рөлге отырғаны анықталған адамға белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалатыны көрсетілген. Заңдағы осы жаңашылдықты көпшіліктің қаперіне салып, қателіктен сақтандыру – парызымыз.


Қ.Дарханова,
Алматы қаласы
Алмалы аудандық сотының судьясы

Практика рассмотрения судами споров о взыскании ущерба с участием страховых компаний

В современном мирестрахование выступает в качестве системы по защите...

9 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Көкшетауда республикалық «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде «Жасыл аймақ» акциясы кең көлемде жүзеге асырыла бастады.

День открытых дверей для представителей частного бизнеса прошел в акмолинской колонии

Одним из важных направлений в деятельности уголовно-исполнительной системы является...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарға көмек көрсетуде

Іле аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын, сотталған А., есепке...