12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әкімшілік іске қатысатын өзге де адамдардың жауаптылығы

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Мемлекеттік және әкімшілік органдар, лауазымды адамдар мен жеке, заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары  саналады.

Талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор әкімшілік процеске қатысушылар, ал, әкімшілік іске қатысатын өзге адамдар ретінде куә, сарапшы мен маман, сондай-ақ, аудармашы қарастырылған.

Куә  – әкімшілік істі қарау және шешу үшін маңызы бар нақты мән-жайлар туралы қандай да бір мәліметтерді білуі мүмкін адам.  Куә ретінде жауап алуға жатпайтын тұлғалар: қарауға өзі қатысқан істің мән-жайлары туралы – судья; өз міндеттерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы – төреші, алқаби; өкілдің немесе қорғаушының міндеттерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы – азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өкілдер, қорғаушылар; тәубаға келу үстінде өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – діни қызметші; өзінің жасының толмауына не психикалық немесе дене кемістіктеріне орай әкімшілік іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақтар беруге қабілетсіз адам; ел заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор; Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген өзге де адамдар.

Куә өзіне, жұбайына (зайыбына) және заңда айқындалатын жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартуға;  өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақтар беруге;  әкімшілік сот ісін жүргізуде аудармашының тегін көмегін пайдалануға; өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге; әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беруге, өзінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қатысты өтінішхаттар мәлімдеуге құқылы.

Егер куә өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, ол хабарлаған мәліметтер дәлелдемелер болып табылмайды.

Куә әкімшілік сот ісін жүргізуде көрінеу жалған айғақтар бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақтар беруден бас тартқаны үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.

Сарапшы — арнайы ғылыми білімі бар және сот осы Кодекс пен Азаматтық процестік кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен, нақты әкімшілік іс бойынша мән-жайларды анықтау мақсатында өзінің алдына қойылған және арнайы ғылыми білімді талап ететін мәселелер бойынша сот сараптамасын жүргізу мен қорытынды беруді тапсырған, әкімшілік істе мүдделі емес адам. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот сараптамасын тағайындайды.

Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады. Сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің түріне қарай өз құқық-міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.

Маман – сот маман ретінде тартқан, сотқа консультациялар (түсініктер) беру арқылы дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдемдесу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға көмек көрсету мақсатында сот отырысына немесе процестік әрекеттерге қатысу үшін арнаулы бiлiмi және (немесе) дағдылары бар, әкімшілік iстiң нәтижесіне мүдделi емес, кәмелетке толған адам.

Сот әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да мамандарды тартуға құқылы.

Әкімшілік процеске қатысушылар соттан арнаулы білімі немесе дағдылары бар нақты адамды маман ретінде тартуды өтіне алады. Маман көрінеу жалған қорытынды берсе заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.

Аудармашы — әкімшілік іске мүдделі емес, әкімшілік сот ісін жүргізу жүзеге асырылатын тілді білетін, бір тілден екінші тілге аудару үшін қажетті білімі бар адам не саңыраумен, мылқаумен, керең-мылқаумен қарым-қатынас жасау техникасын еркін білетін адам.

Аудармашы көрінеу дұрыс емес аударма жасаған жағдайда, заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады. Сонымен бірге, Азаматтық процестік кодекстің (АПК) 5-1-тарауында қарастырылған, азаматтық істер бойынша істі қарауға қатысатын өзге адамдар: консультант, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы болып табылады.

Көрсетілген заң нормаларына сәйкес, ӘРПК мен АПК-дегі маманға байланысты айырмашылық, ӘРПК-де маман — әкімшілік іске қатысатын өзге де адам болып табылады және ол көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда, заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады. Ал, азаматтық іске қатысатын маманға ҚР Азаматтық процестік кодексінде көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделмеген.

С.Қойтекеева,

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Прошел круглый стол по обсуждению проблемных вопросов

26.04.2024 года в межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны...

Практика рассмотрения судами споров о взыскании ущерба с участием страховых компаний

В современном мирестрахование выступает в качестве системы по защите...