12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Талап қай тілде қойылса, іс сол тілде жүреді

Тіл — ұлттың тірегі. Тіл — халықтың жаны. Ұлттың болашағы ана тілімен тамырлас. Сондықтан мемлекеттік тілдің мерейін өсіру, қолданыс аясын кеңейту мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспек емес.

Қазақстан Республикасының сот саласында да іс құжаттарын мемлекеттік тілде әзірлеп, кіріс-шығыс құжаттарын толықтай қазақ тіліне көшіру жұмыстары кешенді түрде шешімін тауып келеді. Алайда өкініштісі сол істердің басым көпшілігі орыс тілінде қаралуда. Азаматттық істердегі жағдай да солай. Әсіресе Алматы қаласында азаматтар арыз-шағымдарын көбіне-көп ресми тілде рәсімдейді.

Еліміздің Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында «Сот ісін жүргізу тілі» деген арнайы бап бар. Осы баптың 1-бөлімінде «Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады» деп жазылған. Яғни, азаматтық істердің мемлекеттік тілде жүргізілуі басты шарт. Ал орыс тілі мемлекеттік тілді білмеген жағдайда тең дәрежеде қолданылады. Осыны негіз еткендер бүгінде арыз-шағымын орыс тілінде береді. Кейде екі тарап та орыс тіліне шорқақ екені байқалады. Өздері жетік білмейтін тілде түсініскен тараптардың орысша арыз жазуына олардың адвокаттары ықпал етеді. Адвокаттар қорғауындағы адамның қай тілде еркін меңгергеніне назар аудармайды. Олар өздеріне қолайлы, өздері жақсы білетін тілге таңдау жасайды. Алайда екі тараптың өтініші бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгертуге болады. Бұл Азаматтық процестік кодексте дәйектелген.

Кодекстегі 14-баптың 2-бөлігіне сәйкес «Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы». Яғни, егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

Қазақстанда мемлекеттік тілді білетін азаматтар өз құқығын қорғауға зардап шекпеуі керек. Соған орай судья сот барысында іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін өз ана тілінде мәлімдеме жасап, түсініктер мен айғақтар бере алатынын, іс материалдарымен танысып, сөз сөйлеуіне құқылы екенін түсіндіреді. Кодекс сонымен қатар тараптарды аудармашы қызметін тегін пайдалануға болатынын екертіп, осы қызметпен қамтамасыз етеді.

Мұның барлығы азаматтардың сот процесінде өз құқығын мінсіз қорғауы үшін керек қадамдар.

Е.Манапов, Алматы қаласы, Медеу аудандық сотының судьясы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...