12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ОПЕК+ шешімінен соң Brent маркалы мұнайдың бағасы өсе бастады

Brent маркалы мұнайдың 2021 жылы наурыздағы жеткізілім құны Лондонның ICE биржасында алдыңғы сессияның жабылуы кезеңіндегі бағамен салыстырғанда 5,23% өсіп, бір баррелінің құны 53,76 долларға жетті, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Өз кезегінде WTI маркалы мұнай 5,2% қымбаттады, яғни бір баррелі 50,25 долларға дейін өсті.

Бұл 6 қаңтардағы Нұр-Сұлтан уақытымен 00: 22 уақытында алынған мәлімет екенін ескерте кетелік.

Кеше Қазақстанның мұнай өндірісін арттыратыны белгілі болды. Кездесу қорытындысы бойынша келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартудың қазіргі деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айларында ұзарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге, осы кезеңде өндірісті кезең-кезеңімен сәйкесінше күніне 10 және 65 мың баррельге ұлғайтуды көздейтін Қазақстан мен Ресей үшін бөлек шарттар жасалды. Осылайша, ОПЕК + шеңберінде Қазақстан үшін ақпандағы белгіленген міндеттемесі тәулігіне 1,427 миллион баррельді және наурыз айында тәулігіне 1,437 миллион баррельді құрайды.

Жазасын өтеуші азамат бостандыққа шықты

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Тергеу мекемесінде «Майнд машинасы» арқылы эмоциясын ретке келтірді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

24.04.2024 жылы Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде...

№37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

23.04.2024 жылы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі,...