12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судьялар съезі жақсы бастамалардың бастауы

Биыл судьялар съезі VIII рет өткізілгелі отыр. Төрт жылда бір рет өткізіліп, сала жұмысын қортындылап, алдағы жылдарға жаңа міндет жүктейтін, жиында көтерілген бастамалар орындалып, үнемі жаңа серпін беріп отыратын, саланы дамытуға айтарлықтай үлес қосып келе жатқан бұл жиынның орны бөлек. Съезд өткізудің негізгі мақсаты – еліміздегі сот жүйесін дамыту, оны қазіргі заманға лайық əлемдік стандартқа сəйкестендіру, атқарылған істерге баға беріп, болашақтың бағытын айқындау болып табылады.

Атап айтар болсақ, алғашқы съезде «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» қоғамдық бірлестігі құрылып, Судьялар этикасының кодексі мен Су- дьялар одағы филиалдарының қағидасы қабылданған болатын. Екінші съездің басты жаңалығы – Судьялар одағының Халықаралық Орталық Азия судьяларының қауымдастығына жəне Халықаралық Заңгерлер одағына мүше болып енуімен байланысты болды. Ал үшінші съезде Елбасының тапсыр- масымен соттағы іс жүргізуді оңтайландыру жұмыстары қолға алынып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық, əкімшілік соттар құрылды. Одан кейінгі жиынның нəтижесінде 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сот төрелігі институтында Сот академиясы құрылды, 2007 жылы елімізде алқабилер ин- ституты өз жұмысын бастады. Бесінші басқосу соттардың жұмысын одан əрі жақсарту, соттағы іс жүргізудегі жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талапты одан əрі қатаңдату, судьялардың біліктілігін арттыру жəне соттарды одан əрі мамандандыру туралы тапсырмалармен толықты. Алтыншы съезде Елбасы Үкімет пен Жоғарғы Сотқа Азаматтық процестік кодекстің жаңа жобасын дайындауды тапсырса, республика соттарына сот құрылымын одан əрі жетілдіру, медиа- ция институтын дамыту, сот төрелігінің халыққа қолжетімділік аясын кеңейту, Қазақстанның сот корпусының кəсіби біліктілігін жоғарылату міндеттерін жүктеді. Бұл тапсырмалар уақыт өте шешімін тауып отырды.  Жетінші съезд Жаңа Әдеп кодексін көтеріп, судьялардың тек кəсіби тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге, қызметтен тыс кездегі де мінез құлық ережелерінің жиынтығы ретінде сүзгіден өткізілуіне мұрындық болды.

Сондай-ақ судьялар жиынында мәселе ретінде көтерілген тергеу судьясы институты енгізіліп, оның құзіреттіліктері кеңейтіле түсті. Сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың қазақстандық жүйесі қалыптасты. Бітімгершілік институттары дамып, медиторлар дайындау ісі қолға алынды. Сот саласына компьютерлік жаңа технологиялардың енгізілуі ашықтыққа жол ашып, уақыт сұранысына сай дамудың көрінісіне айналды. Жалпы еліміздің сот саласы әлемдік стандарттарға сай, үнемі жаңғырып, жаңарып отыр. Осы орайда алдағы кезекті съездің де үлкен жаңашылдықтарға мұрындық боларына үміт зор.

Т. Ш. Шакиров, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының судьясы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...