12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

КОНТРАФАКТІЛІ ӨНІМДЕРДІ  САУДАЛАЙТЫНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған.  Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Елбасы әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың негізгі жолдарын айқындады.

Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды элементі Мемлекет басшысының 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық рақымшылық жасау туралы тапсырмасы болып табылады. Салықтың негізгі сомасын төлеу кезіндегі осы шара шағын және орта бизнеске айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешектік тазартуға және жұмысты таза парақтан бастауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдауға шақырды.

«Экспортқа бағытталған индустрияландыру – экономикалық саясаттың алғышарттары болуы тиіс. Үкімет экспортпен айналысатын тауар өндірушілерге назарын аудару қажет. Бұл ең алдымен, өңдеуші өнеркәсіпке болу қерек», деді Елбасы Н.Назарбаев. Осы мақсатта, ол барлық қазақстандықтарды отандық өнімді қолдануға шақырды.

Сонымен қатар, 30 дамыған елдің қатарына  кіру мақсатында алға қойылған жұмыс жоспарын ілгерлерту бойынша, мемлекет жұмысының негізгі бөлігі жоғарыда атап өткендей, қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ.

Осы орайда еліміздегі сатылымға шығатын   жалған өнiмдерге төзбестiк көзқарас туғызуға бағытталған жариялы науқан жүзеге асырылуға тиiс. Сонымен қатар зияткерлiк меншiк құқығын бұзу мен сауда белгiлерiн қолдан жасаушылар үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық қудалау шараларын одан әрі күшейту керек.

Осыған орай, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының бірқатар құқық қорғау органдарының міндеттерінде қамтылған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Шымкент қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша аталған Жолдауға бағытталып  семинарлар мен дөңгелек үстелдер, бұқаралық ақпарат құралдарында да насихат жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек  кәсіпкерлерге арнайы  лекциялар оқылып, «АDALDYQ ALANY» жобасы аясында  жиі кеңестер беріліп, тұтынушылар арасында сауалнамалар жүргізілді.

Департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңының 22-1 бабына сәйкес, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144 бабының 3 тармағында бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіргені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, яғни тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары иесінің немесе сенімхат бойынша өкілдерінің өтініштері болып табылады.

Әділет орагандары Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 158 бабында көзделген бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалануын қарайтыны көпшілікке белгілі.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 26.12.2019 жылғы №229 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мараторий енгізу туралы» жарлығына сәйкес бірқатар кәсікерлерге, құқық иегерлерлеріне құқытық насихат жұмыстар жүргізіліп, барынша қамту жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, бүгінде тауар таңбаларын қорғайтын құқық иегерлерінен келіп түскен арыз-шағымдарға толықтай жауап беріліп, қаңағаттандырылуда. Мәселен, «Достык-Сервис» ЖШС-нен «УЮТ» тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы арыз келіп түскен. Аталған арызда көрсетілген жеке кәсіпкерге бөлім қызметкерлері патенттік сенім білдірген өкіл мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, заңнама нормаларына сілтеме жасап, құқықтық түсіндіру жұмыстры жүргізілді. Нәтижесінде, құқықтық түсіндіру жұмыстарынан кейін «УЮТ» тауар таңбасы  пайдаланудан алынып  «Баян» тауар таңбасына өзгертілді.

Бүгінде Шымкент қаласының Әділет департаменті елімізде карантиндік режимнің сақталуына байланысты, жоспарларнған іс-шараларды онлайн жүйеде Департаменттің Instagram, Facebook әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында сонымен қатар басқа да қосымша бағдарламалар арқылы әрі қарай жалғасуда.

Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, құқық қорғау органдары мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес тексерулерге қатысты микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мораторий жариялануына байланысты семинар кеңестер, дөңгелек үстелдер жиі өткізіледі.        Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы №135 Жарлығына сәйкес 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып жарияланды.

Осыған орай, ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа ерікті жастарды тарту бойынша іс-шаралар жоспары Шымкент қаласының Әділет департаментімен әзірленіп, бекітілді.

Аталған жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтар бөлімі еріктілермен бірге  қаладағы  сауда орталықтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, өндірісітік орындарында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетудің жайын түсіндіріп, сауалнама  жүргізе отырып, контрафактілі  өнімдеге қатысты ақпараттармен халықты құлағдар етті.

Аталған іс-шаралардың мақсаты, халыққа зияткерлік меншік объектілерін кеңінен түсіндіру. Сондай-ақ, контрафактілі өнімдерді сатып алу қауіпін болдырмау, алдын-алу, мұндай өнімдерді алған жағдайда адам денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі және ол үшін жауапкершілік бар екенін халық назарына жеткізу және контрафактілік өнімге деген теріс көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар, бөліммен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын және Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін  жақсарту мақсатында да бірқатар жұмыстар  өз жалғасын табуда.

ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы Әділет департаменті мен Шымкент қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы хабардарлықты арттыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Жоғарыда атап өткендерді қорытындылайтын келе, атқарылып жатқан  жұмыстардың барлығы Президентіміздің жолдауы аясындағы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылады.

 

  Мухтар Абдезов Бахитжанович, Шымкент қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы                                                                          

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...