12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бақыттың кілті – отбасында

Отан отбасынан басталады. Сондықтан Отанның қадірін ұқтырып, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру үшін отбасы институтына мән беріп, отбасылық тәрбиеге көңіл бөлу маңызды.

Осыған орай, Алматы қаласының Жетісу ауданында «Бақытты отбасы» апталығы өтті. Апталық барысында отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, құқықтық кеңестер берілді. Сонымен бірге, жас ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының ролін нығайту мақсатында «Бақыттың кілті – отбасы» деген тақырыпта эссе жазудан байқау ұйымдастырылды. Бұл байқауға Жетісу ауданындағы ынталы оқушылар белсене қатысты. Соның ішінде 146 мектеп-лицейдің 6 «г»-сынып оқушысы Әмина Әбдилбекованың жазған шығармасы көпшілік көңілінен шықты. 11 жастағы қыз республикалық, халықаралық көркемсөз, вокал байқауларының бірнеше мәрте лауреаты. Телевидение саласында тележүргізуші, бірнеше кино, сериалдарда басты рөлге түскен, сонымен бірге, республикалық «Жайдарман», «Нағыз қалалықтар» көңілді тапқырлар командасының фронтмені. Әминадай сегіз қырлы, өнерпаз қызды тәрбиелеуде отбасының үлесі ұшан-теңіз. Оны үздік жазылған шығармадағы отбасы, туған-туыстарға деген ыстық махаббаттан анық аңғаруға болады. «Отбасы – сүйіспеншіліктіктің, береке-бірліктің, ынтымақтың ыстық ұясы. Ол ер мен әйелдің одақтастығынан бастау алады.

Әйел ерге ұсынып адал асын,

Ер әйелді бағым деп бағаласын,

Отбасы мықты болса — Отан мықты,

Аралап жүрген сөз ғой ел арасын,

Әр ошақтың түтіні түзу шықса.

Бақытты байтақ Отан, бар Алашым» деген өлең жоолдарын өзек еткен жас талант үлкен үміт күттіреді.

Бұдан бөлек, апталық отбасы мүшелерін татулыққа, бірлікке шақыратын көптеген шараларға ұйытқы болды. Оларға көпбалалы отбасылармен катар, алтын той иелери, дарынды балалар катысты. Бұған дейін жарияланған үздік видеоролик, үздік шығарма, үздік қолөнер сайыстары да осы күні өз мәресіне жетті.

Байқауларға Жетісу ауданында тұратын аналар белсенді қатысты. Үздік бейнетаспалар инстаграмга жарияланды. Сонымен қатар, апталықта өзін жақсы жағынан көрсеткен, жүйрік екенін дәлелдегендерге сыйлықтар берілді. Жиын соңында дарынды балалар отбасы құндылығын дәріптеп, ата-анасына арнаған өлең, жырларынан шашу шашты.

Анар Сембаева

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...