12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мәслихат депутаттарының мәртебесі маңызды

Биыл Қазақстанда жергілікті өкілді орган – мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толып отыр. Мәслихат депутаты – билік пен халықтың арасын жалғап тұратын алтын көпір іспеттес. Олардың мақсаты – халықтың мүддесін қорғау,  сенім үдесінен шыға білу. Облыстық мәслихат құрылған сәтінен бастап оған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқан тұрғындар сайланды.

Ширек ғасыр бұрын жергілікті өкілетті органның жасақталуы мемлекеттік құрылымдағы өзгерістердің бастамасы еді. Бүгінгі таңда әр деңгейдегі мәслихаттар халық пен билік арасын жалғап, өңірдің дамуына бағытталған істерді келісе атқаруға арналған ашық алаңға айналды. Қазір елімізде түрлі деңгейдегі мәслихаттарда 3 300-ден астам депутат бар. Оларға қойылатын басты талап – халықпен жұмыс істеуде атүстілік пен салғырттықтан арылу.
Мәслихат депутаты – бұл өз аймағының көзі, құлағы һәм тілі. Халық қалаулыларының құзырындағы шаруаны осыдан бағамдай беріңіз. Өңірді дамыту жоспарын дайындау, әлеуметтік бағдарламаларды, жергілікті бюджетті бекіту де солардың құзырына кіреді. Сосын қазына қаржысының қалай игеріліп жатқаны жайлы сала басшыларынан есеп талап етуге құқылы.

Жамал Құлахметова, Алматы облыстық мәслихатының депутаты:

— Облыстық депутат ретінде 20-дан аса сауалнама жіберіп, мәдениет ошақтарын қалпына келтіру, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу сынды мәселелер қолға алынуда. Айта кетер жайт, Республикалық деңгейде шешім қабылдаған кезде де аймақтардың, ең алдымен мәслихат депутаттарының ұстанымдары мен пікірлеріне көбірек назар аудару қажет деп ойлаймын. Биыл аймақтарға бөлінетін ақшаның көлемі артты. Сондықтан мәслихатпен көбірек санасудың тағы бір тиімді тұсы қазына қаржысына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Жалпы мәслихаттардың мәртебесін көтере түсу керек. Өйткені олар біздің елде жергілікті басқарудың аса маңызды сатысы саналады. Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдарда да мәслихат депутаттарының пікірі көбірек ескерілмек.

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.