12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейтін құжатты бекітті

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстанмен су қатынастары саласындағы маңызды құжаттың бекітілгені туралы хабарлады.
«Ташкентке жұмыс сапары барысында бүгін Өзбекстан су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен екі ел арасындағы су саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Жол картасына қол қойдық», — деп жазды М.Мырзағалиев бейсенбіде өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Оның айтуынша, қол қоюға «біздің ведомстволарымыздың ұзақ және үздіксіз келіссөздері себепші болған».
«Құжат өте маңызды. Ол су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейді. Атап айтқанда, 1991 жылдан бері салынған және қайта жөнделген су нысандарын бірлескен техникалық зерттеу мен мониторингілеуді; жоғары су қоймаларынан қосымша су тасталуын қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдауды көздейді», — деді министр.
«Жол картасындағы тағы бір маңызды тұс — су ресурстарын бөлудегі айқындық», -дейді ол. Мырзағалиев өзбек тарапымен келіссөздер жалғасуда екенін, «күн тәртібінде тағы бірнеше стратегиялық мәселелер бар» екенін хабарлады.

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.