12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

КАЗГЮУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2020 жылғы 21 мамырда М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және ҚР Конституциялық Кеңесінің аппараты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты біліктілігі жоғары заң мамандарын даярлау, кадрлық резерв құру. Оның ішінде қонақ дәрістері, семинарлар мен тренингтер және басқа да іс-шаралар арқылы тәжірибе алмасу болып табылады.

Кездесу барысында азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыратын және конституциялық құндылықтарды нығайтатын бағдарламаларды іске асыру қарастырылды.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Провосты Пен С.Г. алдағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті: «КАЗГЮУ Университеті және ҚР Конституциялық Кеңесі тығыз қызмет жасауда. Құқықтық дәстүріміз ортақ, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамында Конституциялық Кеңестің көптеген мүшелері бар. Керек болған жағдайда, конституциялық өндіріс үшін сарапшыларымыз және ғалымдарымыз өз көзқарастарын ұсынады. Оның үстіне, Конституциялық кеңес заң біліміне өте белсенді қатысады, конституциялық құндылықтарды және еліміздің басқа заңдарын дәріптеу үшін байқауларды өткізеді».

ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы Б.М. Нұрмұханов: «Бұл Меморандум ынтымақтастығымыздың сапасын жаңа деңгейге көтереді. Биыл Ата Заңымыздың 25-жылдығын атап өтеміз. Меморандум заң кадрларын даярлау, конституциялық құндылықтарды насихаттау саласындағы әріптестігіміздің нығаюын, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруды көздейді. Меморандум төңірегінде нақты жобалар әзірленеді. Ал студенттер болашақта Конституциялық кеңеске жұмысқа орналаса алады. Сонымен бірге, теориялық білімдерін практикада бекіту үшін біз оларды конституциялық өндіріске, Конституциялық Кеңестің отырыстарына қатысуға мүмкіндік береміз. Конституция – еліміздің Ата Заңы, оны білу, құрметтеу, дәріптеу әр азаматтың парызы мен міндеті болып табылады».

Шара соңында тараптар алдағы бірлескен жобаларға, өскелең ұрпақ пен азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға қатысты ақпаратпен алмасты.

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.