12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мен қашықтықтан оқытамын

Елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жариалғаннан бері оқу орындарының барлығы қашықтықтан оқуға толығымен көшкен. Мен кызмет жасайтын Алматы телекоммуникация және машина жасау колледж ұжымы да толығымен қашықтықтан оқуға көштік. Қашықтықтан оқу жариаланған күннен бастап әкімшілік пен білімалушылар, оқытушылар, шеберлер арасында тығыз байланыс орнады деп толық айта аламын.

Кураторлар мен шеберлер өз топтарымен яғни білім алушыларымен хабарласып олардың қашықтықтан оқуға қаншалықты дайын екенін анықтап алды.Олардың смартфонмен немесе ноутбукпен қамтамасыз етілгендігі тұратын жерінде ғаламтордың жұмыс істеуі толық анықталды.Білімалушылардың жағдайына қарап оларға берілген жұмысты орындауының уақытын шектемеуге мейлінше уақыт берілген.Бұл жерде ата ананың да көмегі көп болуда олармен де тығыз байлыныста отырмыз. Білім алушыларға сапалы білім беру әр оқытушылардың міндеті екені айтпай ақ түсінікті. Сол бағытта әрбір ұстаз ерінбей қызмет етуде. Бір сабақтың өзіне канша уақыт кететінін есептеп көріңіз. Бағдарламада берілген тапсырманы blm. kz жүктемес бұрын оны дайындап алу керек емес пе? Электронды оқулық, неше түрлі сайттардан акпараттар іздеп тауып жүкпеп оны өндеңдеу. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Оқытушыларға қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық — коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ — ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ — ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан — жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Сабаққа керек призинтатця, бейнесабақтар жасап , әр оқытушы өз әдістемеслік қоржынын толықтыруда әрине қиын болды, қазір де оңай емес.

Білім инемен құдық қазғандай демей ме? Балаға білім беру қаншама жігер талапты, қажыр қайратты қажет етеді сол себепті бәрімізге сабырлық керек. Сабырлық — қиындықтар мен қайғылы жағдайларда адам баласына күш-қуат беріп, басын идірмей, аяғын нық басуға көмекші болатын ерекше қасиет. Адам баласы сабыр ету арқылы тағдыр тауқыметінің кез келген түрін жеңіп шығады.
Сабыр сөзінің мағынасы – әлдебір жағдайларға тап болғанда «тепе-теңдікті бұзбау, орта жолды ұстану, сынақтарға төтеп беру, қиыншылықтарға шыдау, уайым-қайғы мен тауқыметтерге душар болғанда оларды жеңіп шығу ал, шыдамдылық дегеніміз – басымызға түскен әр түрлі сынақтарға төзу, ұстамды болу, қайраттылық пен қайсарлық таныту деген сөз. Еліміз аман есен бұл індеттен толық айығып кетеді деп сенемін. Біз сабырлы да, шыдамды халықпыз. Біз үйдеміз. Біз біргеміз. Біз жеңеміз.

Сутемгенова Джанат Қыдырбаевна

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледж оқытушысы

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.