12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЖОЛ БОЙЫН АБАТТАНДЫРУ – БАРШАҒА ОРТАҚ ІЗГІЛІК

Көлік жолдары кез-келген мемлекеттің қантамыры іспеттес. Сондықтан да ел экономикасының тұрақты дамуына қосар өзіндік — үлес маңызы айтарлықтай мəртебеге ие болып саналатын көлік жолдарын күтіп-ұстау, оның сан алуан тыныс-тіршілігін ұтымды үйлестіру, түрлі бағыттар мен көптарапты мақсаттағы автокөліктік қатынастардың қолайлы жүйеленуін қамтитын іс барысында осы саладағы мекеме — ұйымдардың қызметі қашанда қауырт, қай кезде де назарда. Олай деуімізге дəйек пен дəлел жеткілікті.
Былай қарағанда үйреншікті құбылыс болып көрінетін бұл қызмет түрінің өзіне тəн кəсіби ерекшеліктері аз емес. Дегенмен басты ұстаным – мемлекет пен қоғам мүддесін, ел игілігін үнемі назардан тыс қалдырмау. Сөзімізге мысал етіп «Қазақавтожол» ЖШС — нің Түркістан облыстық филиалындағы жұмыстарды алсақ болады.


Бұл қызмет орны 2017 жылдың 18 қазанынан бері Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде құрылып өз жұмысын жүйелеп келеді. «Қазақавтожол» ЖШС ҚР Инвестициялар жəне даму Министрлігіне қарасты Автокөлік жолдары Комитетінің «Қазақавтожол Ұлттық компаниясы» АҚ шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының тапсырыстарын орындайды. «Қазақавтожол» ЖШС — нің Түркістан облыстық филиалы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Түркістан облысынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолы 746,2 шақырымды қамтиды. Оның ішінде Түркістан облыстық филиалы 676,2 шақырым жерді күтіп-ұстауға келісімге отырған. Жалпы саны 180 қызметкерлері мен жұмысшылары бар филиалдың құрамына үш ЖПБ (жол пайдалану бөлімшесі) кіреді. Бұл бөлімшелер облыстың үш аумағына орналасқан. Атап айтар болсақ, ЖПБ- 69 Шымкент қаласының маңайындағы «Көмешбұлақ» ауылына жақын жердегі республикалық маңызы бар жол бойынан орын алса, ЖПБ — 68 Түркістан қаласында, ал ЖПБ — 70 Жетісай қаласында жұмыс жүйелейді. Осы ЖПБ — і құрамына сондай-ақ жол пайдалану пункттері кіреді. «Қазақавтожол » ЖШС Түркістан облыстық филиалында жалпы саны жетпістен астам түрлі техникалар бар. Филиал қызметінің мəні мен нысанасын: автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жəне автомобиль жолдарын күтіп ұстау деп қысқаша тұжыруға болады десек те, осы қызмет аясында қыруар жұмыстың атқарылатындығын атап айтқымыз келеді. Үнемі туындап тұратын науқандық, маусымдық жұмыстар филиал қызметкерлері мен жұмысшыларының қашанда жауапкершілігі мол іс-əрекетте болуын қажет ететіні сөзсіз.

Республикалық маңызы бар жол жиектеріндегі жəне жол ортасындағы қоқыстарды тазалау, жол жиектеріндегі суағарларды қолмен сыпырып тазалау, құбырларды тазалау, жол белгілерін орнату, сигнал бағаналарын қою, шақырым бағаналарын орнату, доңғалаққағарларды орнату жəне олардың астын құм мен тастан қолмен тазарту, жол шұңқырларын жамау, көпір үстіндегі жиектеме тастардың айналасын қолмен сыпырып тазалау, жол күзетілімін жүргізу, жол жиегін жəне ортадағы доңғалаққағарлардың арам шөптерін тазалау, асфальт жəне бетон жамылғылардың шөгіп кеткен, яғни отырған жерлерін жөндеп қалпына келтіру (просадка), демалыс алаңдарын əктеу, тазалау, əжетханаларды, автотұрақтарды, аялдамаларды сыпырып тазалау, жаяу жүргіншілердің өтетін жолдарын тазалау, көпір үстіндегі шұңқырларды асфальтобетон қоспасымен жөндеу, жол жиегіндегі қоқыс жəшіктерін қоқыстан тазалау, жол жиектерін автогрейдермен жобалап жөндеу, жаяу жүргіншілер өтетін көпірлерді күтіп ұстау, жол жамылғысына тегістегіш қабатын орнату жəне басқа да түрлі жұмыстар тынымсыз атқарылады. Маусымдық жұмыстардан қысты күндері жолға құм мен тұз шашу жұмыстарын айта кеткен жөн. Сонымен қатар елді мекендер орналасқан жерлердегі жол бойын жарықтандыру да атқарылатын қызмет санатына кіреді. Үнемі іс үстіндегі ұжым осынау жұмыстарға шынайы жауапкершілікпен қарайды. Қазіргідей төтенше жағдай кезеңінде де ұжым ағымдық жұмыстарын үздіксіз орындауда. Арнайы техникамен жарақталған жұмысшылар жолдың өту белгілерін жаңартып сызу (разметка), жол жағдайының сипаттарын ұғындыратын элементтерді сырлау, катафот орнату, ағаштарды санитарлық кесу жəне басқа да жұмыстарды жүргізуде. «Əрине, ағымдық жұмыстар мен жол бойын күтіп-ұстау – қызметтік борышымыз. Оған мейлінше жауапты қарау – парыз. Дегенмен, жолаушылар мен жүргізушілерге де айтар өтініш-ұсыныстар жоқ емес. Жол бойын абаттандыру – бәрімізге ортақ іс. Бұл өзін отаншыл санайтын кез-келген адамның азаматтық ұстанымы. Осыған барынша мəн бере қарап, тазалықтың сақталуына бәріміз ынталы болсақ екен деген тілек айтқан болар едік. «Тазалық тазаланған жерде емес, қоқыс шашылмаған жерде» — деген астарлы қағида бар емес пе?! Соны жадымызда ұстасақ», — дейді өз сөзінің кезегінде «Қазақавтожол» ЖШС — і Түркістан облыстық филиалының директоры Ерік Аманжолов мырза.
Туған жер игілігі – баршаның ізгілігі. Əркез осыны ойымыздан шығармағанымыз əлбетте маңызды.

А.Қуанұлы

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.