15 C
Алматы
Пятница, 17 июня, 2022

ХҚО табыстарған жұптар

15 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні!

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көптеген жастардың махаббатының куәсі болып, қазақстандық жас отбасылар қатарын көбейтуге өз үлесін қосып келе жатқан мекеме. Олай дейтініміз, Алматы қаласы филиалының өзінде, оның барлық аудандарындағы  фронт-офистер мен бэк-офистерінде, мамандандырылған ХҚО-ларында  2 мыңға жуық мамандар жұмыс істейді. Оның 70 проценті жастар.  Жоғары оқу орнындары мен колледждерден мамандық алған жастар, еңбек жолын ХҚО-ларда бастап жатады.  Әрине, отбасылық өмірлері де осы жерден басталатындар аз емес.

Оған дәлел, жыл сайын Алматы филиалының өзінде 25-30 отбасы құрылып жатады.  Осы жылы да махаббаттың құдірет күшімен, карнтинге дейін бас құрап, отау тігіп үлгергендер бар.

Үйде де, жұмыста да бірге жұбын жазбай, бірге өмір сүріп келе жатқан жұптарға махаббат мерекесінде хабарласып, карантин кезіндегі хал-жайын сұраған едік.

Әмірхан Ақылбек бек  Қасым Алтынай

Әмірхан Ақылбек  бек  Қасым Алтынай Түрксіб аудандық фронт-офисінің мамандары. Екеуі жақында ғана шаңырақ көтерген жас  отбасы. Бүгінде екеуі де қашықтықтан қызмет көрсетіп, 1414 нөмірі арқылы кеңес  берушілер қатарында.

Фронт-офис басшысы Арайлым Айжанова да екі жас туралы «екеуі де алғыр, білімді, елгезек, тәрбиелі жандар» деп жылы пікірін білдірді.  Ал, жастар болса, үйде отырып жұмыс істеп жатқанына еш өкінбейтінін, жұмыстары бірдей болғандықтан, бірін-бірі толықтырып, халыққа қызметін қашықтықтан да еш кедергісіз көрсетіп жатқанын айтады.

Казангапов Руслан  мен Кинадинова Көркем

Екінші бір жұп та жақында отау болған.  Казангапов Руслан  Мамандандырылған ХҚО-да IT-маманы, ал жолдасы Кинадинова Көркем жинақтау секторының маманы. Танысқандарына 10 жылдың жүзі болыпты… Көркем өзінің мектептен басталған махаббат хикаясын былай еске алды.

-Оныншы сыныпта оқып жүрген кезім. Жаздың бір шуақты күні сыныптастарыммен қыдырып көлге барғанбыз.  Руслан да достарымен сол жерде жүр екен. Көлдің терең емес бір жерінде шомылып жүрген маған, бейтаныс жігіт келіп, «бұл жерге шошқаларды шомылдырады. Жүр, мен сені ортасына ұарай апарайын» деп әзілдеді. Мен оған ашуланып, мән бермей кетіп қалдым.  Кешкісін маған агенттен жазып тұр «Мен ғой көлдегі кездескен жігіт. Үстіңнен шошқаның  исі шығып тұрған жоқ па?» деп тағы да ашуыма тиіп. Сөйтсем, ол менің кластасымның досының досы болып шықты.  Сол таныстығымыз жылдарға созылып, достығымыз махаббатқа ұласып, енді отау құрдық», — дейді Көркем.

Отбасын құруға көп жылдық дайындықпен келген екі жас, қазақтың барлық жол-жосыңымен, салт-дәстүрімен шаңырақ көтеріпті. Алматылық аруға маңғыстаулық  Русланның отбасы сырға салып, құда түсіп, Көркем қолдан ұзатылып, сән-салтанатын жасаған. Жоғары білім алып, мамандық алған екеуі бірге бір мекемеге жұмысқа келген.

Бүгінде Көркем үйде отырып онлайн қызмет көрсетсе, Руслан кеңсеге барып жүр. Өйткені  IT-маманы үйде отырып қызмет көрсететін емес. Оның көмегі кеңседегі колл-орталыққа көбірек керек.

Енді  жас отбасы тұңғыштарын күтіп жүргенін айтады.

 

 Бауыржан Бекпаев пен Шынар Молдаханова

Бауыржан Бекпаев, Алатау фронт-офисінің маманы, колл-орталыққа жаңадан бейімделген операторлардың бірі. Ол ХҚКО-да 10 жылдан бері жұмыс істейді. Жары Шынар Молдаханова да сегізінші жыл Алмалы аудандық ХҚКО-да жұмыс істейді. Олардың тағдырын Медеу аудандық ХҚКО байланыстырды деуге болады.Сол жерде жұмыс істей жүріп танысты. Таныстық, достық соңы махаббатқа ұласты. Осыдан 6 жыл шаңырақ көтеріп, содан бері қуанышта да, қиындықта да бірге. Дүниеге екі қыздары келді. Қазіргі уақытта олар барлығы үйде бірге. Бауыржан пен Шынар азаматтарға онлайн-кеңес береді. Шынардың жұмысы 9-дан 16-ға дейін басталады, ал Бауыржанның жұмысы 13-тен 20-ға дейін басталады. Бос уақытында балаларға кезекпен көңіл бөледі.

«Өте мазасыз жұмыс. Өз сөздерімізге мұқият болып жауап беруіміз керек. Неше түрлі сұрақтар қойып жатады. Мәселен, біреу «Көшеде қалай серуендеуге болады? Бұл үшін учаскелік инспектордан рұқсат сұрау керек пе?» деп сұраса, тағы бірі «Карантин кезінде үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады ма?…» дейді. Осы сияқты бізге қатысы жоқ сқрақтармен де уақытымызды алатындар көп. Қалай болғанда да, басты міндет – желінің арғы жағындағы адамға көмектесу» — дейді ол.

Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы филиалындағы махаббат табыстырған жұптардың бүгінгі тіршілігі осылай өтуде екен. Махаббатың символы болған Қозы Көрпеш — Баян сұлу күнінде жас жұбайлардың шаңырақтарына шаттық, отбастарына аманшылық тілейміз!

Әлемді жайлап жатқан ауыртпашылық орнын, махаббат, сүйіспеншілік сынды асқақ сезімдер жайласын!

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости