12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ОНЛАЙН ОҚУ – ЖАҢА ІЗДЕНІС БАСТАУЫ

Еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждері онлайн оқытуға көшті. Мектептер төртінші тоқсанды оқытудың осы түрімен өткізетіні белгілі болып отыр. Әрине, жоғары оқу орнының оқытушылары үшін бұл процесс таңсық емес. Өйткені, оқытушылар ұстаздықпен қатар, ғылымды қатар алып жүреді.
Бүгінгі таңда шетелдік көптеген танымал рецензияланатын журналдар ғылыми зерттеулерді электрондық жүйелер арқылы қабылдауға көшкен. Рецензиялау процесі де осы жүйелер арқылы жүреді. Сонымен қатар, ғалым-ұстаздар түрлі Халықаралық ғылыми шараларға қашықтан қатысып жүр. Дегенмен, қашықтан
оқыту ұстаз бен шәкірттің азаматтық жауапкершілігін талап ететін басқа процесс. Бұл тақырып қазіргі таңда өзекті болғандықтан, кейбір мәселелерге назар аударғанды жөн санап отырмыз. Өйткені, дәстүрлі өзіндік жұмыстар мен практикалық сабақтарды ақпараттық қоғам шарттарына бейімдеудің маңыздылығы жоғары.
Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданатын ұстаздар алдында екі негізгі міндет бар деп ойлаймыз. Біріншіден, шәкірттердің басым бөлігіне арналған мәселелік, ізденістік тапсырмаларды орындауға бағытталған контенттер мен әдістерді даярлауға көңіл бөлу. Екіншіден, оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы барлық шәкіртке осы жұмыс нәтижелерін көрсете білу. Сондықтан, қашықтан оқытуды интернет технологияларына негізделген және мультимедиялық құралдар көмегімен білім беру ортасын қалыптастыратын, оқу материалдарын өзіндік оқу үрдістерін ұйымдастырудың бір тәсілі деп түсінеміз. Қашықтан оқыту өзекті. Оның көптеген себебі бар.
Біріншіден, қашықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығында жаппай ашық онлайн-курс жөнінде айтылады. Екіншіден, білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында заманауи ақпараттық қоғамның мағынасы мен мәселелерін түсіну үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу, пайдалану, меңгеру туралы міндеттер қойылған.
Үшіншіден, қашықтан оқыту әлемдік деңгейде мойындалған және қазіргі таңда жаппай ашық онлайн-курспен
білім алу жастар арасындағы танымал құбылыс. Біздің ойымызша, бүгінгі жағдайда жоғары оқу орындарындағы қашықтан оқытудың қағидалары жалғасын тауып, технологиялық және педагогикалық деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Жоғары оқу орнының оқытушысы университет стратегиясын жүзеге асыруға қатысу арқылы әзірленген ережелерге сәйкес әрекет жасайды. Қашықтан оқыту арқылы оқыту процесін жүргізудің көптеген әдісі бар екенін ескерсек, оны оқытушылардың тиімді пайдалануы педагогикалық шеберлігіне байланысты. Чаттарда форумдар мен конференциялар өткізу, тестілеу, түрлі тақырыптардағы ғылыми әдебиеттермен студенттердің жұмыс жасауы оқытуға оң нәтиже береді. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен құралдарына байланысты көп ой айтуға болады. Мәселен, өзіндік жұмыстар мен практикалық сабақ материалдарын даярлау барысында тақырыптарды форумдар мен чат ерекшеліктеріне байланысты лайықтау жағына мән берген абзал. Тақырыптар себеп-салдарлық байланыстарға бағытталып, студенттердің салыстырмалы талдау жүргізуіне мүмкіндік береді деген ойдамыз.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының көлемі мен чаттардағы сөз сөйлеу уақыты тапсырма талаптарында белгіленуі қажет. Бұл студенттерді шығармашылық жағынан шектеу емес, керісінше шәкірттерді қажетті ақпаратты тиімді пайдалануға дағдыландырып, ұстаздың орындалған жұмыстарды тиімді бағалауына мүмкіндік береді. Студенттердің білімін бағалаумен қатар, ынталандыруды да ұмытпауымыз қажет. Үй тапсырмасын уақытылы орындауды ынталандырумен қатар, пайдаланылған әдебиеттердің дұрыс берілуі қосымша материалдардың көп берілуі, негізделген жеке ойларын білдіруі, виртуалды сабақтарда бірнеше рет сөйлеуін ескергеніміз жөн.
Практикалық, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары барысында шәкірттер оқулықтар мен оқу құралдары материалдарын пайдаланатындығы белгілі. Сабақта сыни ойлауды қалыптастыру үшін ұстаздар сұрақтар қойып жатады. Барлық тапсырмалар дәптерде орындалып жататындықтан, өз идеяларын тыңдауға, жаздыртуға аудиторияда уақыт та жетпейді. Қашықтан оқыту студенттерді «Академиялық хаттар» жазуға дағдыландыруға ықпал жасайтынын сезініп отырмыз. Білім, икемділік пен дағдыны жиынтықтау арқылы ұзақ процестен өтетін академиялық хаттар жазу әр кезеңнің нәтижелерімен тығыз байланысты. Сапалы эссені жазуды үйренген студент, кейін ғылыми мақала жазуды да үйренеді. Эссе жазуды үйрену, рефераттарды Интернеттен жүктеп алмай, өздері жазып еңбектену академиялық хат саласындағы құзыреттілігін қалыптастырады деген де ой бар. Өйткені, шығармашылық тапсырмаларды орындау студенттердің ойлау креативтілігін арттырады. Қорыта айтқанда, қашықтан оқыту, білім беру процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес
шәкірттердің мәдени және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыруы тиіс. Ақпараттық қоғам шарттарындағы қашықтан оқыту ұстаздың оқу процесін ұйымдастыруды өзгертуді талап ететіндігі анық.
Ұстаз тек жаңа технологияларды қолдануды үйреніп қана қоймай, оқыту әдісін өзгертуі қажет. Бұл үшін жоғары оқу орындары әлемдік педагогикалық және технологиялық тәжірибелерге сүйенгені дұрыс.

Мұрат НАСИМОВ,
саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған
профессор, «Болашақ» ғылыми-зерттеу институтының
директоры

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.