12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІНЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС КЕРЕК

Бұл мереке де халық тағдыры, халық тарихы сияқты. Оған өткен күндердің күнпарақтары куә. Естеріңізде болса, кеңес өкіметі тұсында Наурыз «тұсаулы алаш көктеміне» айналған-ды. Өз үстемдігіндегі ұлттың салт-дәстүрін ұмытып, өзге ұлтқа айналуы кеңес билігіне де тиімді еді. Алайда айтулы мереке ел тәуелсіздікке қол жеткізген тұста «алаш көктемінің» қарлығашындай қазақ даласына қайта оралды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында жүрекке жылу, көңілге көктем боп оралатын айтулы күн күллі мұсылман халқына ұлттық құндылықтарын ұмыттырмай, жаңа сипатта түрленіп оралды. Ендеше, Наурызды қалай әспеттесек те артық емес.

Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың түрленетін шағы ата-бабадан келе жатқан әдеп-ғұрып, салт-дәстүрдің жоқшысы бола алғанымен, жоқтаушысына айналғанымен құнды. Талай зобалаңды басынан кешірген қазақ үшін әрбір күн қастерлі. Сол себепті де тарихты санада қайта жаңғырту, ұмытыла бастаған дәстүрді қайта оралту өз өткеніне құрметпен қарай алатын әрбір азамат үшін – парыз. Алайда біз бүгін айтулы мерекенің сипатын қалай өзгерттік, мән-мағынасын қалай түсініп жүрміз? Бүгінгі Наурыз неге жас ұрпақ санасында тек қана кемпір-шал тойлайтын этнографиялық мұрадай қабылданып жүр? Осы мәселелерге үңілген тұста көңіліңді күпті қылатын көп жайларға куә боламыз. Бүгінгі Наурыз қазақ үшін «ақ түйенің қарны жарылатын» күн ғана. Яғни, әкімшіліктер мен мектеп аулаларында ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, аудан-аудан, мектеп-мектеп болып наурыз көже пісірумен, ұлттық киім киіп ән айтумен, би билеуден жарысатын күн ғана. Әкімшілік бес-алты ақсақалды ертіп алып әр киізді аралап аққа тоятын күн. Кеңес өкіметінде қалыптасқан мереке тойлаудың қасаң сценарийі айна-қатесіз бүгінгі тәуелсіз қазақ мерекесіне де осылайша еніп кетті. Бүгін дастарқан мен дақпырттан аса алмай жүрген ұлы мереке бұрын қалай тойланған? Белгілі этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбек Наурыз мерекесіне қатысты көптеген зерттеулер жазды. Соның бір деректерінде, мәселен, Наурыздың тойлануы жайлы мынандай мағұлмат бар: «… Грек тарихшысы Квинт Руф (б.з.д І ғ) өзінің «Ескендір жорығы» деп аталатын еңбегінде Орта Азия көшпелілерінің ұлыс тойын қалай тойлайтынын тамсана жазады. Ұлыстың ұлы күні таң шапақ шашып, күн шығар сәтте қаған ордасының үстіне күн бейнелі жалау көтеріліп, қотанға шымқай қызыл мауытыдан киім киген 365 бозбала шығатын болған. 365 бозбала тойдың сәнін кіргізген. Бір жыл ішіндегі әр тәуліктің шежіре баяны сияқты 365 күй тартылған. Сонан соң елдің батагөй абызы, Тәңірмен тілдескен бақсысы ортаға шығып, қағанаттың үміт тілегін Тәңірге жеткізетін 9 күй тартқан. Бұл тоғыз күй міндетті түрде қобызбен тартылатын болған. Мұнан әрі,
Ұлыстың Ұлы күнін тойлау жалпыхалықтық қуаныш-қызыққа ұласқан» (Квин Курций Руф.Поход Александра). Тағы бір еңбегінде Ақселеу Сейдімбек («Қазақ әлемі», 228- бет) былайша сипаттайды: «Байырғы салт жора бойынша қазақ арасында Ұлыс тойы түн ортасы ауа басталады. Бұл түн «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр атаны Бақ жетелеп жүреді екен дейді. Ұлыс тойының таңын көзімен атыру үшін Қызыр ата түн ауа дала кезеді… Қызыр түнін ұйықтамай өткеру үшін ауыл жастары алуан түрлі ойын ұйымдастырып, Қызыр атаның назарын аударып бақытты боламыз деп, небір тосын тамаша қызықтар көрсетеді. Осынау қызық думанның ішінде «жандықуыршақтың» жөні бөлек. Ол үшін жастар ауылдағы ноқта көрмеген ең асау тайыншаны ұстап, ең ескі ашамайды салып, ашамай үстіне ең ескі киім-кешек пен құрымнан жасалған қуыршақ орнатып, тайыншаның құйрығына ескі шелек байлайды да: «Ұлыс таңы атып қалды, бар елге хабар бер!» деп шабына шыбық жүгіртіп, сауырға бір салып қоя береді. Асау тайынша өкіріп бақырып, шапқылай жөнеледі. Ит үреді, қотандағы мал үркеді, үй-үйден шал-шауқан ербиіп шығады, жастар мәз-мәйрам болысады…» дейді. Тарихқа тереңірек үңілген сайын бұл мейрамның да мән мағынасын сезіне түсесің. Және оның бүгінгі тойланып жүрген Наурыз мерекелерінен алыстап бара жатқанын байқайсың. Жаңа заман, жаңа қоғамға бейімделген дұрыс шығар. Бірақ, ұлттың тарихына, бабалардың өткеніне қатысты мейрам ескіні жаңаша түрлендіре алғанымен өтімді. Ендеше, бұл мәселеде бізге Наурызды тойлаудың сипатын жаңаша форматта ескімен байланыстыра отырып қарастырған жөн шығар. Қалай десек те, бұл мерекенің қамын күйттеп, көже көтерудің емес, жастарға тәлім берер, тарихқа құрмет қылар, жаңарудың мерекесі екенін ұмытпаған жөн. ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек
Мұхамедиұлы былтыр Наурызды тойлаудың жаңа бағдарламасын халық назарына ұсынған болатын. Алайда, бұл идея бірден
жалпыхалықтық сипат алды дей алмаймыз. Қалай десек те, бізге Наурыз мерекесінің маңызын жас ұрпаққа ұғындырудың заманға лайықталған формасын қарастырған дұрыс. Наурыз бала үшін әдебиет пен мәдениетпен, киномен, мульфильммен, кітаппен, ойынмен біте қайнасып жатқан, етене түсінікке айналуы керек.
Жадыра ЖОМАРТҚЫЗЫ

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...