Арал ауданында есепте тұрған тұлғалар тексерілді

Арал ауданында “Есепте тұрған тұлғалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында пробация есебіндегі азаматтарды бақылау және қайта құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Шара барысында 60-қа жуық сотталған азаматтың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орны тексерілді. Есептегі тұлғаларға әлеуметтік- құқықтық көмек беру нәтижесінде, 4 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, бірнешеуі қысқа мерзімді оқуға жолдама алды. Сонымен қатар, 6 адамға құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде ескерту жасалды. Ал пробация талаптарын қаскөйлікпен бұзған 2 азаматтың бас бостандығынан айыру туралы ұсыныс сотқа жолданды.
Аталған профилактикалық іс-шара пробация есебіндегі тұлғаларды бақылауды күшейту және олардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ақпан айының 23-не дейін жалғасады.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...