Қарағанды ​​облысында Осакаров ауданы атауы өзгереді

Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы Қарағанды облысының Осакаров ауданы атауын өзгертуге байланысты шешім қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы «Сарыбел» тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады.

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға «Тұран» атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. 

«Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныс сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешім қабылдады», — деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...