12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«АҚШ-қа баруға қорқамын». Сот баласынан айырылып қалу қаупі бар ананың ісіне қатысты үкім шығарды


Алматы қалалық сотында кәмелетке толмаған баланың тағдыры қаралып жатыр. Ата-ана арасында туындаған мәселе баланың кіммен және қайда тұратынын анықтауға себеп болған.
Қазақстан сотына жүгініп, әділдік іздеген ана Сана Онаева бұл оқиғаға қалай тап болды? Американың құқықтық жүйесін зерттеу үшін сол елде білімін жалғастыруды ұйғарған ол АҚШ азаматымен көңіл қосып, өмірге ұл бала келеді. Алайда, дәм-тұзы жараспаған олар ажырасуға шешім қабылдайды.


«Ол маған ғана емес, кішкентай балаға да психологиялық, тіпті физикалық қысым көрсетті. Сәбиіміз жылап жатса да бөлмеге жалғыз қалдырып, мені жолатпауға тырысты. Ол ол ма, әлі де не істегенін түсіне бермейтін бала бірдеңе бүлдірсе, ұрып-соғатын. Қит етсе, баланы Францияға алып кетемін, сосын мүлдем көрмейсің» деп қорқытатын болды. Себебі, экс-күйеуім АҚШ-пен қоса Франция азаматтығын да алған. Содан қысым мен зорлық-зомбылыққа төзбеген соң ажырасуға мәжбүр болдым. Бірақ ол баланы өзімен қалдыру үшін түрлі айла-әрекет жасап бақты. Мен сотта оның нағыз абюзер күйеу, жауапсыз әке екенін дәлелдеуге тырыстым», – дейді Сана Онаева.


Оның айтуынша, ажырасқан соң АҚШ соты бәрібір ананы қорғай алмаған. Себебі, америкалық сот «баланы әкесімен тұруы қажет» деген шешім шығарып, ал анасына сәбиімен тек көрісіп тұруға және Қазақстанға уақытша алып кетуге ғана рұқсат берген.


«Әуелгіде екі-үш сағатқа, сосын бір күнге алып кетіп жүрдім. Үнемі денесі, қолы, беті, арқасы көгеріп, сырылып тұрды. Дәлел ретінде суретке де түсіргем. Кейін өзіммен бірге елге алып кетуге мүмкіндік алдым. Егер АҚШ-қа қайтсам, баланы әуежайда-ақ әкесіне бірден тапсыруға тура келеді. Бала – анасымен бірге болуы керек. Ол анасының жанында ғана қауіпсіз», – дейді шырылдаған ана.


Яғни, мерзім аяқталған соң, АҚШ-қа қайта оралудан бас тартып әрі баласынан біржола айырылып қалудан жүрегі шайлығып қалған ана Қазақстан сотына жүгінген еді. Алматы қалалық сотының алғашқы сот инстанциясы Қазақстан заңдарына сүйеніп, баланы анасында қалдыру туралы шешім шығарғанмен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты әкенің «бала ұрлау туралы» арызы бойынша тағы бір істі қарайды. Сол кезде судья мүлдем қарама-қайшы шешім шығарып, баланы әкесіне қайтаруды ұйғарған болатын. Бұл үкіммен Сана Онаева да, оның қорғаушылары да келіспейді. Олардың пікірінше, сот барысында судья С.Болат тек АҚШ заңына сүйенген.


«Бұл шешім Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып, американдық заңдар мен американдық соттардың шешімдері негізінде қабылданды. Сонымен қатар, судья Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші жоқ ата-аналардың халықаралық балаларды ұрлау туралы Гаага конвенциясының нормаларын қолданды. Қазақстан мен АҚШ сот актілерін тану мен орындауды, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу саласындағы құзыретті органдардың өзара іс-қимыл мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан жоқ», – дейді Сана Онаеваның адвокаты Татьяна Мергенбаева.


Қазіргі уақытта Сана Онаеваның ұлымен бірге Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар. Алдағы уақытта Қазақстан азаматтығын алуды жоспарлап отыр. «Сана Онаеваның біздің елде тұруға рұқсаты бар, яғни оның сотта өз мүддесін қорғауға толық құқығы бар. Бұл істе түсініксіз жайт көп, алайда заң қыл үстінде тұрған ана мен бала жағында болуы керек», – деп есептейді адвокат.
Алайда, 12 ақпан күнгі сот отырысында Сана Онаеваның қорғаушылары шағымын қанағаттандыруды айтқанмен, сотқа онлайн қатысқан баланың әкесі «бұл өтіріктерге ешқандай жауабым жоқ» деумен шектелді.
Сонымен, 13 ақпан күні жария болуы тиіс апелляциялық сот шешімі 17 ақпан күні жарияланды. Сот Сана Онаеваның «баланың тұрғылықты жерін анықтау» үшін түсірген шағымына қатысты азаматтық іс бойынша шешім шығарды.

«Азаматтық кодекстің 277-бабының 1-бөлімі, 423-бабының 4-бөлімі, 425, 427, 431 бабы бойынша сот алқасы «Кәмелетке толмаған бала АҚШ азаматы екенін, шағымданушы Қазақстанға 2024 жылдың 16-31 наурыз аралығында АҚШ сотының рұқсатымен демалуға келгенін анықтады. Ол сот шарты бойынша баланы 5 сәуірден кешікпей әкесіне табыс етуі тиіс. Алайда, Сана Онаева қазір баласымен бірге Қазақстан республикасында ықтиярхат негізінде тұрады. Халықаралық келісім бойынша, Қазақстан мен АҚШ арасында бұған қатысты мәміле жоқ. Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін анықтау азаматтығын алған мемлекет аумағында шешіледі. Сол себептен сот алқасы бұл істі Қазақстан республикасы азаматтық іс өндірісінде қаралуы тиіс емес деп есептейді», – деді судья.


Ал кәмелетке толмаған баланың әкесі, АҚШ азаматы Гарро Гийемнің қорғаушысы Абзал Қасымжанов іске қатысты түсініктеме берді.


«Алматы қалалық сотының шешімі процестің барлық қатысушылары, яғни, әкесі, анасы, баласы АҚШ азаматы екенін анықтады. Сондықтан сот олардың өздеріне қатысты мәселесін сол мемлекетте шешуі тиіс екенін айтты. Сана Онаева Қазақстанға баласымен бірге АҚШ сотының келісімін алып келген. Ол 31 наурыз күні АҚШ-та болуы тиіс еді. Бірақ елге келген соң сот актісін бұзды. Одан кейін АҚШ соты оны «баланы ұрлап әкеткен» деп танып, 2024 жылдың 10 мамырында қамауға алу туралы шешім шығарды. Себебі, бұған дейін физикалық және заңдық тұрғыдан бала әкесінің қамқорлығында болды. Екінші, Қазақстан соты оның баламен бірге елден шығуына тыйым салған. Бұдан полиция департаменті, ҰҚК хабары бар. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты Сана Онаеваға баланы әкесіне қайтару туралы шешім шығарды. Бірақ Онаева соттың келісімінсіз өзінің тұрғылықты жерін өзгертіп, қазіргі уақытта іздеуде жүр. Ол АҚШ-тың ғана емес, Қазақстанның да заңын бұзды. Сондықтан да сот шешімі бойынша «үшеуі де АҚШ азаматы болғандықтан, сол елде қарастырылуы керек» делінді. Себебі, Сана Онаева 2004 жылы Қазақстан азаматтығынан ерікті түрде бас тартып, одан бері елге 2024 жылы ғана баламен бірге келген», – деді адвокат Абзал Қасымжанов.

Бірқатар мамандар марапатталды

Жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еңбек иелеріне...

Президент сөзі – бар салаға бағдар

Жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарына...

Cәбиге мейірімін төккен неоанатолог дәрігер марапатталды!

Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде тараған бейнекөрініс жұртшылықтың жүрегін...

ҚАЖ қызметкерлерінің ұжымдық рухты нығайту жұмысы

Ұжым – ортақ мақсатты көздейтін, бір-біріне қолдау көрсетіп, бірігіп...