ҚАЖ қызметкерлерінің ұжымдық рухты нығайту жұмысы

Ұжым – ортақ мақсатты көздейтін, бір-біріне қолдау көрсетіп, бірігіп жұмыс істейтін адамдар тобы. Ұжымның тиімді жұмыс істеуі үшін тек кәсіби дағдылар ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің бір-бірімен араласуы мен өзара түсіністігі маңызды. Сондықтан да ұжымда жұмыстан тыс қызықты демалыстар ұйымдастыру, психологиялық қолдау көрсету, көңілді іс-шаралар өткізу қызметкерлердің арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №57 мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін қысқы демалыста тимбилдинг ұйымдастырып, ұжымдық рухты көтерді. Қызметкерлер басшылықтың жоспарлы түрде ұйымдастырылған шарасына қатысып, таза ауада командалық жұмыстар орындап, бір-бірімен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттырды.

Тимбилдингтің басты мақсаты – ұжым мүшелерінің арасындағы сенімділік пен бірлікті нығайту. Қызметкерлер өзара байланыстарын күшейтіп, командалық рухты сезінді. Сонымен қатар, жаңадан келген қызметкерлерді ұжымға тарту мен араласу процесі де ұйымдастырылған іс-шаралар арқылы жүзеге асырылды.

Ескертуді елемеген: ҚАЖ мекемесіне 23 450 теңге алып өтпек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты...

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ!

Бала тәрбиесі – адамзат алдындағы ең маңызды әрі жауапты...

Жүк көлігінің төбе қаптамасының астынан 10 телефон мен 42 SIM-карта табылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №12...

Толебийский районный суд переехал в новое современное здание

▪️В Туркестанской области в рамках государственно-частного партнерства завершено строительство...