Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпараттың халықаралық стандартталған нысаны. Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатын екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жатады.

Апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады.

Апостиль қоюға ұсынылған құжаттағы судьялардың қолдары мен сот мөртаңбаларының шынайылығын тексеру қызметін ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Порталында республикадағы қызмет атқарып жатқан судьялардың қолдары мен соттар мөртаңбаларының электронды нұсқасы енгізілген Сервис құрылып, өз қызметін атқаруда. Сервистегі ақпараттың өзектілігі мен оның жаңартылуы тоқсан сайын жүзеге асырылады.

Апостиль қою үшін ұсынылған соттың ресми құжаттарына қол қоюға және мөртаңба басуға сот шешімін шығарған судья, ал егерде судья болмаған жағдайда соттың төрағасы уәкілетті.     Апостильденген құжат кез-келген басқа аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және апостильденген құжаттарды Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің ресми органдары мойындайтынын атап өткен жөн.

Қорытындылай келгенде, халықаралық құқықтық қатынастар кезінде апостиль құжаттардың заңды күшін танудың маңызды тетігі.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының  бас маман-сот отырсының хатшысы Қ.Нұржігітов   

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...