Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №545 қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдардың тізіміне Қазақстан Республикасынығң Сот әкімшілігі де кіреді. 2017 жылдан Сот әкімшілігінің аймақтық департаменттері де «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет түрін көрсету өкілеттігі берілді.
«Апостиль» мөртабанын қою 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде – «апостиль» мөртабанын қою қолданылады.
Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.
Егер Сіз құжат дайындап баратын ел Гаага конвенциясына қатысушы мемлекет болып табылмаса, құжатты консулдықта заңдастыру қажет. Бұл құжатты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің органдарында, содан кейін сол елдің Қазақстан Республикасындағы консулдығында куәландыруды қамтитын неғұрлым күрделі рәсім. Бұл ретте, құжат консулдықтың белгісі тұрған елдің аумағында ғана заңды күшке ие болады.
1961 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес қабырғалары апостиль 9 см кем емес шаршы нысанына ие және Конвенцияға қоса берілген үлгіге сәйкес келуі тиіс.
Құжаттар түскен күні сот органы оларды қабылдайды және тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қарауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет кӛрсетуді алуға «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кездегі келесі құжаттарды тіркейді:
— көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
— апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі;
— мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
— көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі).
Қызмет көрсету 1 жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Нұрлыбай Алмагүл
Қызылорда қалалық сотының бас маманы