Антына адал шенді ару

Құқық қорғау органдарында ер азаматтармен иық тіресе қызмет атқарып жүрген нәзік жандылар бар. Қызметтің қиындығына қарамай, уақытпен санаспай антына адал, қызмет етіп жүрген нәзік жанды аруымыз әділет аға лейтенанты Бостанова Замира Жалғасқызы.

Ол бала күнінен әскери киім киюді армандаған. Қыз баласы үшін құқық қорғау саласы қиын болса да бала арманының орындалуына әкесі қолдау көрсеткен.Замира Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсіп, «Педагогика және психология» мамандығын алып шығады. Еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде кадр саясаты тобының инспекторы –психологы лауазымынан бастаған. Қазіргі уақытта осы мекеменің тәрбие және кадр жұмыстары жөніндегі аға инспектор лауазымында қызмет атқарады. Мінезі ашық –жарқын, үлкенмен де кішімен де тез тіл табыса алатын Замира жеке құрам қызметкерлерімен тікелей жұмыс жасайды. Олардың қызмет барысында өзінің қызметтік міндеттерін дұрыс атқаруы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен Әдеп нормаларының сақталуы бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қызметкерлер азаматтармен оның ішінде сотталған азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын болғандықтан, олардың сыртқы бейнесі, нысанды киім үлгісі, қимыл-әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей болуы керектігін де тексереді.

Жұмысқа қабылданған жас қызметкердің отбасылық жағдайына назар аударып, олардың отбасымен танысып, ана-анасына баласының ҚАЖ саласында сотталған азаматтармен тікелей жұмыс жасайтынын, әрбір ішкі істер органының қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін, қиын да қауырт қызметте әрқашанда отбасының қолдауы бірінші кезекте керек екендігін айтып түсіндіремін. Нысанды киім киген соң, ер адамға да әйел адамға да жүктелер жауапкершілік бірдей. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін құқық қорғау саласы қайсарлық пен табандылықты,төзімділікті, білімділікті талап ететін жауапты салада екендігі бәрімізге мәлім. Әр жұмыстың өз қиындығы болады. Өзімнің таңдаған қызметім болғандықтан, антыма адал, еліме қалтқысыз қызмет ету менің азаматтық парызым,- дейді әділет аға лейтенанты Замира Бостанова.
Қызметіне адал, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын Замира Жалғасқызы ҚАЖ департаменті бастығы мен мекеме бастығының алғысхаттарымен марапатталған .

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...